2021 жылдың 25 қазанында дағдарыс орталықтарының қызметiн жетiлдiру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және агрессорлармен жұмыс бойынша шараларды әзiрлеу және iске асыру бойынша республикалық әлеуметтiк жобасының қорытындысына арналған онлайн баспасөз-конференциясы өттi.
Жобаны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгiнiң тапсырысы бойынша және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржысына «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкiндiк институты» ҚҚ 2021 жылдың 1 наурызынан бастап 17 өңiрде жүзеге асырған.
Барлық өңiрлердегi 17 дағдарыс орталықтары мен уақытша баспаналар алғаш рет мониторингтен өтiптi. Агрессорлардың қолынан зардап шеккен 929 адам психологтың жеке кеңесiн алса, 1550 адам топтық кеңеске жүгiнген.
Соңғы зерттеулерге назар аударсақ, отбасындағы зорлық-зомбылық бойынша тiркелген құжаттар саны жағынан Шығыс Қазақстан облысы көш бастап тұр. Ең аз көрсеткiш Ақтөбе облысында. Дегенмен, бұл тiркелген деректер бойынша ғана жүргiзiлген көрсеткiш екенiн есте салайық. Өкiнiшке орай, «бас жарылса бөрiк iшiнде» деп жүрiп жатқан отбасылар жер-жерлерде бұдан да көп болуы ғажап емес.
– Жоба аясында «Агрессорлармен жұмыс бойынша нұсқау» әзiрлендi. Нұсқау еркектермен және жәбiрленушi әйелдермен жұмыс кезiнде полиция қызметкерлерiне көмек ретiнде бағытталған, – дейдi «Қазақстанның тек құқық пен тең мүмкiндiк институты» ҚҚ президентi Маргарита УСКЕМБАЕВА. Шынымен де, өкiнiшке орай, осы уақытқа дейiн зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс iстеп, ал қылмысқа барып, зорлықшы атанғандармен жұмыс iстеу жолдары қарастырылмай келiптi. Осыған байланысты алда ҚР Қорғаныс министрлiгiне және ҚР Iшкi iстер министрлiгiне бағынышты 10 оқу орнында ақпараттық кампания өткiзiлмекшi.
Осы орайда ұлттық статистика бюросының мәлiметтерiне де мән берсек. 2019 жылы бiр жыл iшiнде жыныстық серiктес болып табылмайтын адамның тарапынан күш көрсету немесе сексуалды зорлық-зомбылыққа душар болған 18-49 жастағы әйелдердiң үлесi 2,9 пайыз. Әйелдерге қатысты тiркелген тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғаларының саны 2014 жылмен салыстырғанда азайғанын көрсеткенмен (2014 жылы – 136 705 оқиға тiркелсе, 2019 жылы 96 750 тiркелген), нәзiк жыныстылар мен балалардың зорлық-зомбылыққа ұшырауы жиi кездесетiнi жасырын емес.
ЮНЕСЕФ ұйымы 25 қарашаны әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою халықаралық күрес күнiн атап өтiп жүр. Дәл сол күнi жер-жерлерде гендерлiк зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн шарасы басталады. БҰҰ Бас хатшысының «2030 жылға қарай әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты бiрлесiп тоқтатамыз» науқаны бiздiң елде де жүрiп жатқанын айта кету қажет.
2021 жыл