Қыркүйектiң аяғында Германияда саяси өзгерiс алды. 16 жыл бойы билiк басында отырған әйел басшы ретiнде Ангела Меркельдiң есiмi тарихта қалатын болды. Ол Германия тарихындағы алғашқы әйел көшбасшы әрi елдi ұзақ басқарған басшылардың iшiнде екiншi орынды иемденiп отыр. Оның отставкаға кетуiнiң өзi де саясаттан алыс адамдардың қызығушылығын оятып отыр. Германияда 999 пробалы таза алтыннан Ангеланың бейнесi салынған бағалы монеталар коллекциясы шығарылды. Монетаның салмағы 0,58 г, көлемi 12,5 мм. 5 мың экземплярмен таралмақшы. Бұл монетаның құны шамамен 50 евроны құрайды екен.
2005 жылдан берi билiк басында отырып, көптiң есiнде тек костюм-шалбар киiп жүретiн, қысқа шашты iскер әйелдiң бейнесiн Франкфурттағы кондитер фабрикасы да жақсылап есте сақтап қалмақшы. Фабрика естелiк ретiнде 500 дана марципан шығаруды қолға алыпты. Кәмпиттiң сақтау мерзiмi 2 жылға жуық болатын көрiнедi.
Ангела саясат сахнасында жүрем деп балалы болу бақытының бұйырмағанын жасырмайды. Ол бiрiншi некедегi күйеуiнiң тегiмен қалған, өйткенi, немiс тiлiнен аударғанда «көзге көрнектi» деген мағынаны бiлдiредi. Екiншi күйеуi Иоахим Зауэр — химия ғылымдарының профессоры. Ал, Ангеланың өзi физик. Орыс тiлiн жақсы бiлетiн басшы асүйде де шебер сияқты. Пирог пiсiрiп, бау-бақша өсiрумен айналысады екен.
Зейнетке шыққан канцлер шамамен 15 мың еуро зейнетақы алатынын да жарыса жазып жатыр шетелдiк БАҚ. Дегенмен, Германия заңы бойынша есептелетiнiн де ескертедi.
2021 жыл