Ең жас ректор

Ақтөбе қаласындағы Zhubanov University жоғары оқу орнының жаңа ректоры Лаура Чапайқызы Қарабасованың жасы 34-те. Өзi жас, өзi бiлiмдi басшы ҚР Бiлiм министрi А.Аймағамбетов пен облыс әкiмi О.Оразалиннiң қатысуымен өткен ғылыми кеңестiң мәжiлiсiнде комиссия шешiмiмен тағайындалған. Л.Қарабасова – бiлiм беру саласындағы философия ғылымының докторы, бiлiм берудегi менеджмент және көшбасшылық саласындағы гуманитарлық ғылымдар магистрi, «Болашақ» бағдарламасының түлегi. Ол осы уақытқа дейiн «Назарбаев зияткерлк мектебiнде» әртүрлi жобаларға жетекшiлiк еткен, «Назарбаев Университетi» жоғары бiлiм беру мектебiнiң «Ақпараттық-аналитикалық орталығында» жұмыс iстеген. Лаураның тағы бiр жетiстiгi – ол елiмiздегi ең бiлiктi ғалымдар қатарында. Бiрнеше кiтаптардың авторы. Ал, басшылыққа келген оқу орны да ең үздiк деген 20 оқу орнының қатарында.
2021 жыл

Сізге де ұнауы мүмкін

Жiгерi мықты Мадина
Үш жұлдыз

Автор

Меню