Пойызбен жүру ендi қауiпсiз

Жақында елiмiздегi екi темiр жол бағыты бойынша қатынайтын пойыздарға ерекше билет сата бастады. «Қазақстан темiр жолы»
№77/78 «Алматы – Маңғыстау» және №351/352 «Алматы-1 — Өскемен» жолаушылар пойыздарында бiр купе вагоны iске қосылғаны жайлы хабарлады. BILET.RAILWAYS.KZ сайтында немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында темiр жол билеттерiн рәсiмдеу кезiнде «Ә»-«ЖН» (әйелдер) белгi соғылған билет сатып алуға болады. Яки, тек қана нәзiк жыныстыларға арналған толықтай вагонға жайғаса аласыз. Рәсiмдеу кезiнде «Ә» белгiсiнiң болуы вагон тек әйел жолаушыларға арналғанын бiлдiредi.
Тiптi қасыңызда ерiп жүретiн ұлыңыз 7 жастан асқан болса, онда бұл вагонға билет ала алмайсыз, тек жетiге жетпеген ұл балаларға ғана анасымен бiрге жүруге рұқсат. Сондықтан, ендi билет аларда абай болған жөн. Әсiресе ер азаматтар мен ұлын қасынан тастамайтын айымдар үшiн ескертпе.
Ұлттық тасымалдаушы компания өкiлдерi бұл шараны басты кезекте қауiпсiздiк үшiн қолға алғанын айтты. Бiрiншi күннiң өзiнде-ақ қызмет жақсы сұранысқа ие болып, 92 билет сатылған. Құны әдеттегi тариф бағасынан еш ерекшеленбейдi. Бұндай вагондар алдағы уақытта Алматы – Шымкент, Алматы – Ақтөбе бағыттарында да ашылмақшы. Ал, көпшiлiктiң сұранысы артып жатса, басқа да бағыттарға арнайы вагондарды тiркеу қарастырылатын болады. Бұл жоба жолаушы әйелдердiң зорлыққа ұшырамауы үшiн, яки жолдағы қауiпсiздiгi үшiн iске асырыла бастады. 2018 жылы 26 қыркүйекте жолаушы әйелдiң зорлықтың құрбаны болғанынан кейiн әйелдер вагонының қажеттiлiгi туралы тақырып талқыға түскен болатын. Мiне, ақыры бұл да жүзеге асқан бiр бастама болды. Арам пиғылдылар ендi бұнда аяқ баса алмайтын болады дегенге сенгiмiз келедi.
2021 жыл

Сізге де ұнауы мүмкін

Зорлық көргендер көп-ақ
Жүрегi жылылық пен ұлылыққа толы

Автор

Меню