Жiгерi мықты Мадина

50 жастағы Мадина Құрманбаева Ла-Манш бұғазын жүзiп өткен екiншi қазақстандық ару. Естерiңiзде болса, 2019 жылы бұл бұғазды 15 сағатта жүзiп өткен Анель Сыдықова туралы да хабар берген болатынбыз.
Мiне, тағы бiр жiгерi мықты қазақ қызы бұл бұғазды бағындырмақ болыпты. Ақыры Мадина 16 сағат 54 минутта 68 шақырымды жүзiп өттi. Франция мен Ұлыбритания арасын бөлiп жатқан бұғазды ағылшындар «Ағылшын каналы» деп атайды екен. Ал, спортшылар үшiн бұл бұғазды бағындыру Эверест шыңына шыққанмен тең екен. Ендi ше, ұзындығы 38 шақырым болғанымен ауа-райының айтып болмайтын қолайсыздығымен, су температурасының төмендiгiмен ерекшеленедi. Бұл бұғазды алғаш рет 1875 жылы капитан Меттью үстiне лыпасынан өзге ештеңе кимей 21 сағат 40 минутта жүзiп өткен. Содан берi бұл бұғазды жүзiп өтетiндерге талап та қатал, арнайы суда жүзетiн гидрокостюмдердi кимейдi, қайыққа қолдарының ұшын да тигiзбедi.
Ла-Манш бұғазында Мадина бұған дейiн де жүзгенi бар. Бiрақ, 2019 жылы ол жалғыз емес едi. «Iron Moms KZ» тобы Лондон мен Париж арасындағы қашықтықты (480 км) бiресе жүгiрiп, бiрде жүзiп, қалған шақырымын велосипедпен жүрiп өткен болатын.
Мадина 2017 жылы Alaskaman триатлон жарысына қатысқан, 2019 жылы Ыстық көлдi жүзiп өтiп, «Темiр әйел» атанған болатын. Мадина екi баланың анасы, мамандығы қаржыгер, ультрамарафондарға қатысуды жаны сүйедi.
2021 жыл

Сізге де ұнауы мүмкін

Демалам десең, циркке бар!
Ең жас ректор

Автор

Меню