Қыстың қақаған суығында табаннан сыз өтпес үшiн аяқ киiмнiң жылы болғаны маңызды. Ол үшiн аяқ киiмдерге қосымша ұлтарақ сап жатамыз. Ал, егер ұлтарақтың бiр жағы фольгадан болса, тiптi жақсы. Фольга кез келген энергияны керi тебетiн қасиетiмен ерекшеленедi.
Рас, бұндай ұлтарақтар қазiр базарларда да сатылады. Болмаса, үйiңiзде құрылыс жұмыстарынан қалған немесе асханалық фольга қағазынан да аяғыңыздың мөлшерiне шақтап кесiп алыңыз.
Тек көпшiлiгiмiз осы ұлтарақты қалай пайдаланған жөн екенiне бас қатырып жатамыз. Бiреулер фольга жағын жоғары қарату керек десе, бiреулер төмен қаратқан дұрыс дейдi. Негiзi жоғарыда айтқанымызды ескерсек, фольга жағы төмен төселу керек. Сонда суықты кері итерiп, жылуды сыртқа шығармайды.
Дегенмен, егер жаяу ұзақ жүрiп қалғанда аяқты терлетiп жiберуi бек мүмкiн. Сондықтан болар, кейбiреулер фольга жағын жоғары қаратып киюдi ұсынады. Мiне, осы жерде егер фольгадан өзiңiз ұлтарақ жасаудың тиiмдiлiгi бар. Өзiңiз жасаған кезде фольганың әр жерiнен тесiп қойсаңыз, аяқты терлетпеуге септеседi.
Сондай-ақ, фольганы ыстық күнде терезеге жапсырып, үйдi салқындатуға болатынын айтқан едiк. Ендi қыста үйдiң жылуын сыртқа жiбермес үшiн жылу батареяларының артына жапсырып қойсаңыз, жылу бөлменiң iшiне қарай көбiрек бөлiнетiн болады.