Көбелек галстук
Ерлер көбелек галстугының бүгiнде көптеген үлгiлерi бар. Талғаммен таңдалған көбелек ерлер костюмiн толықтырып, еркектiң жiгiттiк бейнесiн аша түседi. Әдетте көбелектi смокингпен немесе фракпен тағады. Ерлер дресс-кодында black tie және white tie деген ұғым бар. Black tie – смокинг, ақ жейде және қара көбелектен құралған комплекстi, ал white tie – жилеттi фрак, ақ жейде және көбелектен құралған комплекстi меңзейдi. Ал смокингсiз көбелектi тағу дұрыс деп есептелiнбейдi. Тағы бiр айта кетерлiк нәрсе, ол енi бойынша жаға шетiнен асып кетпеуi тиiс. Бүгiнде қолмен түймеленетiн дайын көбелектер жиi пайдаланылады. Костюмге сай галстук оны таңдағанда қай жерде киетiндiгiңiз туралы ойлаңыз. Аса салтанатты жағдайларға сапалы жiбектен тiгiлген қара классикалық галстук жарайды. Ал шығармашылық кештерге қою қызыл, қошқыл қызыл немесе қошқыл көк реңктi көбелек тағуға болады. Көбелектiң матасын жыл мезгiлiне сай етiп таңдаған абзал. Мәселен, жазда жұқа маталардан тiгiлген галстуктар жарай бередi, ал қалың маталар қыс мезгiлiне жарасымды. Есiңiзде болсын, көбелек-галстуктың фактурасы костюм матасының фактурасына сай болуы қажет.