1. «Қол тазалығы» – Бұл дегенiмiз артық ештеңенi алмау, яки адалдық.
2. «Құлақ тазалығы» – өсек-өтiрiк, бос сөзден аулақ болу. Қорқақ, ыза мен кек керген адамның сөзiне мән бермеген жөн екенiн ескертедi.
3. «Көз тазалығы» – қызғаншақтық пен тәкаппарлықтан, ашуланшақтық пен ашкөздiктен сақтану.
4. «Ауыз тазалығы» – артық сөз бен бейпiл сөз, боқтықтан ада болу. «Аз сөз – алтын» екенiн ұмытпаңыз.
5. «Тән мен киiм тазалығы». Бұнда тура мағынасындағы денемiздiң тазалығын нұсқап тұр. Таза денеде таза киiмнiң киiлгенiн жөн.
6. «Ой тазалығы». Сананы арамдық пен жаман ойлардан алшақ ұстауға тырысқан абзал. Өзiңдi аяп, бейшара көрсеткеннен гөрi күш-қуатың артып тұрған, арман-мақсатың айқын адамның кейпiнде жүргенiң әлдеқайда артық.
7. «Жаның мен жүрегiңнiң тазалығы». Бұл дегенiмiз жан қалауыңызды бағалап, оның iске асыруына жағдай жасау. Жүрегiңiзге жақын адамдар мен нәрселердi жаныңызда ұстаңыз. Соның өзi үлкен бақыт.