Адам ағзасына қажеттi дәруменге бай көк шөптердiң пайдасы жайлы не бiлесiз? Бiз көбiне көк шөптердi тағамға тек дәмдеуiш ретiнде қарайтынымыз бар. Бұл дұрыс емес. Рас, балғын көк шөптер тағамға дәм берiп қана қоймай, салаттар мен тiскебасарларды сәндеп, дастарқанға көрiк бередi. Бүгiн көк шөптердiң iшiндегi ең пайдалы дегендерiне тоқтала кетейiк.
Ақжелкен (петрушка) құрамында түрлi дәрумендермен қатар, калий, кальций, натрий кездеседi. Бiлесiз бе, ақжелкенде С дәруменi лимонмен салыстырғанда 4 есе көп. Ағзаның қорғаныш қабiлетiн күшейтушi, жүрек ауруларымен қатерлi iсiктен қорған, тiс және тiс етi ауруларының алдын алушы, зәр айдайды. Бүйрек, бауыр, өт жолдары ауруларына шалдыққан жандар күнделiктi туралған ақжелкендi суға қайнатып, 1,5-2 сағаттан соң iшiп тұруы қажет. Ақжелкен суы iш құрылысын тазартып қана қоймай, түрлi аурулардың алдын алуға жол бередi. Көздiң қабiлетiн жақсартады. Басқа да пайдалы тұстары көп. Сондықтан да, көк шөптердiң пайдасы туралы айтылғанда алдымен ауызға оралатыны ақжелкен екен. Десе де, аяғы ауыр келiншектер ақжелкеннен бас тарта тұрғаны жөн. Егер көп жеп қойса, жатыр қабырғаларын әсер етiп, түсiк тастау қаупi туады.
Аскөктiң (укроп) құрамында магний, ферум, кальций, марганец секiлдi минералдар мен А және С тәрiздi дәрумендер көп. Иммунитеттi нығайтуға көмекшi болып табылады. Ересектер ауыз иiсiн кетiру үшiн жиi пайдаланса, нәрестелердiң iшiнiң желденуiнiң алдын алу үшiн арнайы аскөк тұнбасы дайындалады. Тiптi дәрiханаларда сатылады. Сондай-ақ, жаңа босанған аналар да аскөктi жиi тұтынса, емшек сүтiн құнарландыруға септеседi екен. Аскөктi суға 10-15 минут қайнатып, суыған соң тұндырып алу керек. Күнiне 3-6 рет 1 ас қасықтан тамақ алдында iшiп тұрса, өт жолдары мен тамақ ауруларынан арылуға болады. Сондай-ақ, аскөк ұйқы қашқанда да көмекке келедi. Бұдан бөлек, зерттеулер нәтижесiнде аскөктi жиi тұтыну ағзада триглицерид деңгейiн 50%, холестерин деңгейiн 20% азайтатындығы анықталған.
Есте болсын: қан қысымыңыз өте төмен болса, аскөктi аздан тұтыныңыз. Әлсiреп қалуыңыз ғажап емес.
Кинза B1, B2, C, P, Е дәрумендерiне, натрий, йод, кальций, калий, фосфор минералдарына бай. Көне заманнан берi медицина саласында пайдаланылып келедi. Тәбеттi ашуда, асқазанның жұмыс iстеу қабiлетiн жақсартуда қолданған. Кинза жүрек-қан тамырларының жұмысын жақсартуда, ұйқысыздық, депрессия, тамақ, бас ауруларына өте пайдалы. Кинзаның терi қабатын жақсартуға, көздiң көру қабiлетiне де жағымды әсер беретiнiн байқаған. Кинзаны, сондай-ақ, артық салмақтан арылуға септеседi деп сендiредi диетолог мамандар. Қала берсе, әйелдердiң репродуктивтi жүйесiн қалыпта ұстап, ерте қартаюға жол бермейдi екен. Әйтсе-дағы, артық жеп қойса, керi әсер етiп, етеккiрдiң келу уақытын тұрақсыз етуге қабiлеттi. Холециститы барларға мүлдем ауызға алуға бомлайды.
Қымыздық (щавель) – құрамында органикалық қышқылдар мен В тобындағы дәрумендер мол. Сол себептi де, қымыздықты сүйiп жейтiндер арасында көңiлдi жүретiндер, шаршау дегендi бiлмейтiндер көп. Қымыздық ұйқысыздықтың алдын алады, асқорыту, бауыр мен өт қабының қызметiн жақсартады, қан кетудi тоқтатуға септеседi. Қан аздықта, жүрек қан тамыр ауруларында, аллергияға қарсы құрал ретiнде терiдегi әртүрлi бөртпелер мен қышымаларда, дене жарақаттарынан арылуда көп көмегi тиедi. Қымыздықтың жапырақтары мен жемiстерi ауруды басатын, антитоксиндiк, қабынуға қарсы қасиетке ие.
Қымыздық қышқылы, өкiнiшке орай, тағамға қышқыл дәм бере отырып, ағзада тұзды көбейтуы мүмкiн. Сондықтан, бүйрегi ауыратын жандар аздап тұтынғаны жөн.
Балдыркөк (сельдерей) — тамыры да, жапырақтары да тұтынуға жарамды көкөнiс. Құрамы А, В, РР, С, К дәрумендерге бай, одан бөлек калий, кальций, магний, фосфор сияқты минералдарға бай. Сондай-ақ, бұл өсiмдiк құрамында қышқылдар мен эфир майлары бар. Сол себептi де, адам бойындағы стресс пен жүйке күйзелiсiн басуға септiгiн тигiзедi. Зәр шығару мүшелерiнiң жұмысын жақсартуға, қант деңгейi мен қан қысымын реттеуге әсерi бар. Балдыркөктi әсiресе қыс мезгiлiнде көбiрек тұтынуға кеңес берiледi. Балдыркөк немесе иiстi желкен (сельдерей). Жағымсыз иiстi бұл шөптiң құрамында А, С, В1, В2 дәрумендерi, никотин қышқылы, магний, марганец, йод, фосфор, кальций кездеседi. Иiстi желкендi ертеде көп Ежелгi Рим және Грекия тұрғындары мөлшерде пайдаланған.
Насыбайгүл (базилик) – А дәруменiне және бета-каротинге бай, құрамында мықты антиоксиданттар бар. Жүрекке, бас ауруына, диареяға, iш қатуға, бүйрек сырқатына ем, насыбайгүл майы антибактериалдық қасиетке ие болғандықтан, антибиотиктермен бiрге инфекциямен күресуде пайдаланылады. Дегенмен, жүкті әйелдерге, психикалық ауытқуы бар жандар мен эпилепсияға шалдыққандарға жеуге болмайды.
Мамандар әрбiр көк шөптiң пайдасын дәлелдеп, оның ең болмағанда бiр түрiн күнiне бiр рет бiр шай қасықтан болсын тұтынып тұруды ұсынады. Егер де 10-15 см көлемде туралған көк шөптi жатар алдында қайнатылған суға салып, таңертең сол сумен жуынса терi нәрленiп, ажарлана түседi. Себебi, көк шөп бар қасиетiн суға бередi екен.