Бақытыңды жiберiп алма

Бақытқа жету үшiн әрбiр адам армандауы керек. Соған байланысты армансыз адам болмайды. Бiреумiз «жақсы мекемеге жұмысқа тұрып алып, көп мөлшерде ақша тапсам» деймiз; екiншiмiз «әдемi, денесi келiсiмдi, ақылды қызға үйленсем» деп армандаймыз, үшiншiмiз «атағым дүние жүзiне жайылған танымал болсам» деп ойлаймыз. Бiздiң әңгiме етейiн деп отырған кейiпкерiмiз де бiр мезетте көп ақша тапқысы, әдемi қызға үйленгiсi және дүние жүзiне танымал болғысы келген.
Оның алға қойған армандарының барлығы да айқын едi, орындалуға мүмкiншiлiк болған да көрiнеді. Бар болғаны сол армандардың орындалуы үшiн жәй ғана күш салу қажет болатын, бiрақ…
…әлгi жiгiтiмiз беделдi компанияға жұмысқа орналасу үшiн алдын-ала өткiзiлетiн сұқбатқа асығып бара жатты. Қыстың аязды күнi едi. Кездесуге бiрнеше минут қалған болатын, сол үшiн оған жолды тезiрек кесiп өтуге тура келдi. Кенеттен оның алдында аяғы мұзға тайып кетiп ер кiсi құлап қалды. Жұмысқа орналасуға үмiттенiп келе жатқан кейiпкерiмiз құлап қалған мас адам деп ойлап, қол үшiн бермей әрi қарай өте шықты. Жұмысқа орналасар алдындағы сұқбатта жолы болмады, ол жұмысқа қабылданбады.
Бiрнеше ай өткеннен кейiн жазды күнi кешкi уақытта бiздiң армандаушымыз қыдырып келе жатып көшеде өткiзiлiп жатқан цирктiк тамаша ойынға тап болды. Ойын бiткеннен кейiн көрермендер тарқап жатқанда бiздiң армандаушымыздың иығына бiреу жәй ғана қолын тигiздi. Ол көрсетiлген ойынның бас кейiпкерi – әйел-клоунесса болатын.
– Сiзге цирктiк ойын ұнады ма? – деп жас жiгiтке сұрақ қойды. Бiрақ бiздiң жiгiтiмiз сұраққа жауап берудiң орнына, әрбiрден соң онымен сөйлескiсi де келмедi.
Күндер өтiп жатты. Күз айы да келiп қалды. Бiр жолы жаңбыр жауып тұрған уақытта ол үйiне асығып бара жатты, себебi жылы ваннаны тезiрек қабылдай салып, жылы төсекке жата кетiп ұйықтау ойында бар едi.
Есiк алдындағы орындықта үстi-басы малмандай су болып, жылап отырған әйел бiздiң жiгiтiмiздi көрсе салып, көмек беруiн жалынып сұрады.
– Кешiрiңiз, менiң өте тығыз шаруам болып тұр, – деп, әйелдiң өтiнiшiн тыңдап болмастан аяғын жылдам басып өтiп кеттi.
Содан берi көп жылдар өттi, бiрақ оның жер бетiндегi арманы нәтижесiз аяқталды. Күндердiң күнi ол «аспан әлемiне» жеткеннен кейiн, өзiнiң сақтаушы-перiштесiне, бақытсыз өткен өмiрiне шағымдана бастады.
– Сен бiлесiң, менiң өмiрiмде үш арманым болды, соның бiреуi де iске аспады…
– Досым, мен сенiң армандарыңның орындалуына бар күшiмдi салдым, ол үшiн сен жәй қана қолыңды беруiң, көзiңдi жақсылап ашуың және жүрек жарасын жеңiлдетуiң ғана жеткiлiктi болатын.
– Сен ненi меңзеп тұрсың?
– Есiңде ме, қыста, аязды күнi сен жұмысқа орналасу үшiн сұқбаттасуға бара жатқанда мұзға тайғанап құлап қалған адамға көмектеспеген едiң. Ол кiсi сен жұмысқа тұрмақшы болып жолығуға бара жатқан фирманың бас директоры болатын. Сенi адам айтқысыз жоғары дәрежелi мансап күтiп тұрған болатын. Сенен жалғыз ғана қимыл қажет болды: құлап жатқан адамға қол созу.
Есiңде ме, цирк ойынның бас кейiпкерi – жасамыс әйел-клоунессаның әлсiз ғана саусағымен түртiп, сұрақ бергенi? Клоунесса рөлiн орындаған өте әдемi, сүйкiмдi, ақылды жас қыз едi. Ол сенi бiр көргеннен ұнатып қалған болатын. Сендер келешекте өте бақытты отбасы, сүйкiмдi балаларың, сонымен қатар өмiрi өшпейтiн махаббатқа кенелетiн едiңдер. Саған бiр ғана қимыл – көздi ашып қарау керек едi.
Есiңде ме, сенiң үйiңнiң алдында жаңбыр жауып тұрған күнi жылап отырған әйелдi? Сол уақытта оның үстi-басы малмандай су болып, жаңбырдың суымен бiрге көзiнен сорғалап жас ағып тұрған едi… Жылап отырған әйел өте атақты жазушы болатын. Ол өзiнiң отбасылық дағдарысын бастан кешiрiп, оған тек қана жабырқап тұрған көңiл-күйiн қолдау ғана қажет едi. Егер де сен ол кiсiнi бөлмеңе кiргiзiп, жылытып, басу айтып, көңiлiн жұбатсаң, онда сен туралы кiтап жазатын едi. Кiтаптың бiрiншi бетiне осы еңбектiң жазылуына шабыт берушi ретiнде сенiң аты-жөнiң көрсетiлiп, дүние жүзiне белгiлi болатын едiң. Сен оған жауапсыз қарадың, титтей де болса көңiл аудармадың.
Кейiпкерiмiз демiн iшiне тартып, ай жарығының жолымен әрi қарай тұңғиыққа кете барды…
Барлық уақытта есте болу қажет: өмiр деген кейде түсiмiзде армандауға болмайтын сыйлықтарды сыйлауы мүмкiн екендiгiн ұмытпайық.
Сондықтан, аяғымыз ай жарығының жолына түспей тұрып, жанымыздағы адамдарға мейлiнше мұқият қарағанымыз жөн болады, себебi кейде бақытқа апаратын жол қасымыздан елеусiз өте шығуы мүмкiн.
Бақытыңызды жазатайым жiберiп алмаңыз!

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ
доцентi А.қаныбеков.

Сізге де ұнауы мүмкін

ОҚУШЫНЫҢ ЖҮГІ АУЫР
Қоғамды қалай сауықтырамыз?

Автор

Меню