Әйелдер қуатын қалай жинайтынын бiлемiз. Қандай қуатты жинайтыны да құпия емес. Күнiне қанша тәсiл қолданып, қайсысы тиiмдi болатыны да белгiлi. Қуат деген жан байлығы. Иман байлығы. Жинағанның көбiн керек емес жерге жұмсай саламыз. Мұндай қуат сорғыштардың қатарына бiраз дүниенi кiргiзуге болады:
Кей адамдармен сөйлессең, құмыраң бос қалғандай болады.
Күйзелiс мезеттерi.
Теледидар көру, жаңалық тыңдау.
Ұрыс-керiс.
Өзгенi айыптау мен талқылау және осы тектес дүниелер.
Көзге түсе бермейтiн тағы бiр себеп бар. Адамды көбiне-көп дауласу сорып тастайды. Даулассаң ғана ақиқатты табасың деу қаншалықты рас? Еркектер үшiн – рас. Әйелдерге – жоқ. Әрине, бiрдеңе түсiнуге, пайымдауға, ойлануға болады. Ақылға бiр сәуле түсуi ықтимал. Бiрақ жан дүниең түгесiлiп, босап қалады.
Ол дауда сенiкi дұрыс па, басқанiкi ме – бәрiбiр. Дауда ұтылсаң, көңiл қалады. Күшiң таусылады. Дегенмен жеңiп кетсең де, әйелдiк қуатың сарқылады.
Бұны түсiндiру өте оңай. Әйел қуатты қарым-қатынастан алады. Кез келген қарым-қатынастан – күйеуiмен, баласымен, ата-анасымен, құрбыларымен. Ал дауласу қарым-қатынасты бүлдiредi. Егер ет жақының сенiмен дауласса, бұл жағымсыз. Кейде жаныңды ауыртады. Кейде ашуға тиедi.
Еркектерге кейде дауласқан пайдалы – әсiресе, басқа еркектермен. Сенген дүниесiн ақтауға барын салуға еркектердiң қақысы бар. Еркектiң болмысы сондай, ол жаулаушы, ол жеңiмпаз.
Не үшiн дауласамыз?
Өзiмiздiң дұрыстығымызды дәлелдеу үшiн. Өзiмiзге және өзгелерге қандай екенiмiздi дәлелдеу үшiн. Қандай ақылды, сұлу, рухани бай екенiмiздi көрсету үшiн. Өзiңнiң құныңды түсiру осындайдан басталады. Елдi өз биiгiмiзден сынап, ақылдымсыну – өз құнымыздың тым төмендiгiнен.
Сондықтан өз позициямызды қорғаймыз. Бәлкiм, аяғына дейiн өзiмiздiң iстегенiмiздiң дұрыстығына көзiмiз жетпейтiн шығар. Сол себептi кез келген қарсы пiкiр сенiң менiңдi басып-жаншу деп қабылданады. Өмiрiн өзгертуге тырысқан адамның бәрi осындай күйдi бастан кешедi. Дауласу арқылы өзiнiң таңдауының дұрыстығына сенiмiн нығайтады немесе сенiмiнен айырылып, түзу жолдан таяды.