Балаңызға жиi айтып тұруға тиiс 7 сөз тiркесi:
1. Мен сенi жақсы көремiн.
2. Сенi мақтан тұтамын.
3. Сенiң қолыңнан бәрi келедi.
4. Айыпқа бұйырмағың.
5. Мен сенi кешiремiн.
6. Бәрi жақсы болады.
7. Сен кереметсiң!
Балаңыз 30 жаста болса да айтудан ұялмаңыз.
***
Адамның ең жақсы мiнездемесi – берген уәдесi мен орындаған iсiнiң айырмашылығында жатыр.
***
Ұсақ-түйек, майда-шүйденi жиi сатып алғанша бiр рет болса да бағалы зат сатып алған әлдеқайда жақсы. Барлық жағдайда осылай, тiптi адаммен қарым-қатынаста да солай, бағалыны бағалаңыз.
***
Егер сiзге «бұрынғыдай емессiң, өзгерiпсiң» десе, онда сiз ол үшiн бұрынғыдай ыңғайға көнгiш болмай қалғаныңыз.
***
Шындықты бiле тұра өтiрiктi есту сондай күлкiлi. Бiрақ, жалған сөйлеп тұрған адамды әшкерелеу сондай обал – адам талпынып жатыр ғой.
***
Бiр данагөйден: «Достықтың неше түрi бар?» деп сұрапты. «Төрт түрi бар», – дептi ол. Бiрiншiсi, тамақ тәрiздi достар бар, күн сайын оған мұқтажсыз.
Екiншi дос – дәрi сияқты, жаның ауырғанда iздеп табасың. Үшiншi достық, ауру-сырқат тәрiздi өзiңдi iздеп табады. Төртiншi достық түрi – ауа тәрiздес, көзiңе көрiнбейдi, бiрақ, әрдайым жанымен сенiмен бiрге. Кiм қажет болса, тағдыр сонымен қайта табыстырады.
***
Ұлы ақыл иелерi бастамаларды талқылайды, ақылы орташалар оқиғаларды талқылайды, ал, ақылы аздаулар қасындағыларды сөз қылады.
***
Бүгiнде сыпайылық сондай сиреп барады, iзет көрсеткен жандарды «қырыңдап тұр» деп ойлайтын болғанбыз.