Өмiрлiк серiгiңiздiң ұқыпты, әрi сәндi жүруi бiзге, қыз-келiншектерге, байланысты. «Еркектiң киiмiне қарап әйелiнiң қандай екенiн бiлуге болады» дейтiн сөздi жадымыздан қалай шығармақпыз?
Ер-адамның киiмдерiнiң қатарындағы күтiмi көп уақытты қажет қылатыны жейдесi. Оны жылдам, әрi дұрыс үтiктеудiң өзi ептiлiктi қажет етедi. Ендеше, өмiрлiк керек болар кеңестердi ескере жүрiңiз.
1. Ең алдымен жейденiң iшкi бетiне қосып тiгiлген кiшкене матадағы нұсқаулықты қарап алғаныңыз дұрыс. Онда өндiрушiнiң қандай температурада жуу, кептiру және үтiктеу туралы анықтамасы жазылған. үтiк сол ескертуге сай қыздырып қойыңыз.
2. Егер жейдеге нұсқаулық қоса тiгiлмеген болса, онда матаның құрамына мұқият зер салыңыз. Жейделер көбiне мақтадан жасалады. Кейде синтетика аралас болады. Мұндайда қызу жоғары болса, киiмдi күйдiрiп жiберуi ықтимал, сол үшiн төменгi температурадан бастаңыз.
3. Жейденi киетiн уақытта ғана үтiктеген жөн. Бiр күн бұрын дайындап қойған киiмiңiз iлiп қойғанда қайта қыржым түсiп, екiншi рет үтiктеуге тура келедi. Ал, жоғары қызуда киiмнiң матасы, түсi өзгерiп, сапасы нашарлай түседi. Салқын су шашып, ылғалдап үтiктеу көп қауiптiң алдын алады.
4. Жейденi киерден 1-2 күн бұрын дайындап қоятындар үшiн: үтiктелген киiм өз формасын ұзақ сақтап тұрсын десеңiз, суыған соң ғана киiм iлгiшке iлiп қойған дұрыс.
5. Үтiктеудi алдымен жағаның қайырылып тұратын астыңғы жағынан бастаған ыңғайлы. Содан кейiн көрiнiп тұратын беткi жағына кiрiсесiз. Шетiнен ортасына қарай бағыттап басыңыз. Жағадан кейiн жеңiн, сосын қалған бөлiгiне ауысасыз. Жалпы, жейденiң жеңiне қыр салып үтiктемейдi.
6. Түйме қадалған өңiрiне үтiктi тым жақындатпаған дұрыс. Әйтпесе қызумен түйме ерiп, жабысып, бiраз әуре қылуы мүмкiн.
7. Кiр, дақ түскен киiмдi үтiктемеген жөн. Олай болған жағдайда кейiн бүлiнген жердi жуып та кетiре алмай қалуыңыз мүмкiн.
фото ғаламтордан алынды