«Астана моторс» компаниясы жаяу жүргiншiлердiң жолда жүргенде мына жайттарды ескере жүрудi ұсыныпты.
Қараңғылықта жарығын жағып келе жатқан көлiк ақ киiмдi жүргiншiнi 55 метр қашықтықтан байқайды екен.
Сары киiмдi жаяу жүргiншiнi 37 метр алыстан,
қызыл киiмдi адамды 24 метрден;
Көк киiмдiнi 17 метрден байқайды. Ал, қара киген адамды көрмей қалуы да ғажап емес. Сондықтан да, қараңғылықта жолға шыққанда әрдайым ашық түстi киiммен жүрген жол-көлiк оқиғаларының алдын алуға себеп болатынын ұмытпаңыз.
Егер ыңғайы келсе, жарық шағылыстыратын элементi бар киiм киген абзал екен. Ол көлiк жүргiзушiсiне 130 метр алыстан көрiнедi екен.
Сондай-ақ, автокөлiк 60 км/сағ жылдамдықпен жүрiп келе жатқанда тежегiштi басқан соң қандай жолда қалай тоқтайтынын да есептеп шығарыпты.
Асфальт жол құрғақ болғанда 20 метрде тоқтап үлгередi.
Ылғал асфальтте 35 метрден соң;
Тапталған қарда 70 метрден кейiн;
Көк тайғақта 140 метрден соң ғана тоқтайды екен. Олай болса, жаяу жүргiншi ғана емес, көлiктер де жолда дистанция сақтап жүргенi абзал.
Күнi кеше ғана Алматы полицейлерi де жаяу жүргiншiлер мен велосипед тебушiлерге жарық шағылыстыратын элементi бар киiм киюдi ұсынды. Әсiресе жарық шағылысатын бiлезiктердi, түйреуiштердi балалар мен оқушылардың сырт киiмiне, қолына, сөмкесiне қадап қойған жөн. Бұл жол қауiпсiздiгi шараларының бiрден бiр жолы болса керек.
2018 жыл