Жаялық жайында не бiлемiз?
Қазiр ойланып қарасам, аналарымыз бiздi қалай өсiрген екен деп таң қаламын. Бiр үйде бiр емес, бiрнеше бала қатар өсемiз. Бiрақ, бiз памперс деген дүниенi кимедiк. Ал, қазiргi таңда керiсiнше памперс кимейтiн балақайлар жоқтың қасы. Бiр қарағанда өте ыңғайлы, балаға да, анаға да тиiмдi. Күн ұзаққа ползунки жуып, баланың киімін қайта-қайта ауыстыра бермейдi. Тiптi, кейбiр жас аналар памперстi ойлап тапқан адамға мың алғыс дейдi. Расында, осы кiм ойлап тапты екен. Тарихқа көз жүгiртсек, ХХ ғасырдың соңына таман Американың Небраска штаты, Милфорд қаласында Виктор Миллз есiмдi өнертапқыш өмiр сүрген. Ол химиялық технология саласы бойынша отыз бес жыл «Procter&Gamble» компаниясында жұмыс iстеп, тапқырлығымен атағы шыққан. Шебер зейнетке шығып, қартайған шағында жалғыз қызынан туған жиенiн бағуға тура келген. Әрине, жұмыс нәрестенiң тек тамағын берумен ғана шектелмейдi. Сәбидiң жаялықтарын қайта-қайта жуып, оны кептiру керек. Қарт адамға дүркiн-дүркiн нәжiс тазалау да оңай емес. Сөйтiп жүргенде шалдың миына «қайта-қайта жумайтын жаялық неге ойлап таппаймын» деген ой түседi. Сонда ғана мықшыңдап нәжiс тазалаудан құтылатын шығармын дейдi. Ақыры Виктор шал әлемде алғаш рет нәрестенiң кiшi дәретiн сiңiрiп, үлкен дәретiн бойына жаймай ұстап тұратын жаялық ойлап тауып, өзiнiң жиенi арқылы сынақтан өткiздi. В.Миллздiң бұл жаңалығы «Проктер энд Гэмбл» компаниясының өнiмi ретiнде қабылданды. Компания алдымен жаялыққа әдемi ат ойлап, бас қатырды. Одан кейiн жаялықтарды қалың халыққа жететiндей етiп көптеп өндiру үшiн жаңадан құрылғы ойлап табу қажет болды. Бiрiншi тапсырма тез орындалды. Жаялық «Памперс» деп аталды. Ағылшынның «памперс» деген сөзiн қазақшалағанда «еркелету» деген ұғымды бiлдiредi екен. Ал, екiншi тапсырманы iске асыру компанияға қиынға соғады. Тiптi, компания тарихында бұдан артық күрделi еңбектiң болмағанын айтады. Бiр қарағанда, жұмыс оп-оңай көрiнгенiмен, бiр – бiрiне жапсырылған үш қабат жаялықты жасап шығу барысында, ұшқан шаң желiмге жабысып, құрылғыны бүлдiре бердi. Технологтар мұның да шешiмiн тауып, сөйтiп, алғашқы «памперстер» дүние жүзiне шеру тартты! Алайда, әлем ғалымдары «памперс» балаға аса зиян дейдi. Өйткенi, нәжiстi өзiне сiңiрiп, химиялық жолмен буландырып жiберетiн қоспалар адамды белсiздiк пен бедеулiк ауруына душар ететiнi жайлы барлық жерде жазылып жатыр. Дәрiгерлер соңғы жиырма бес жылда Еуропада жаппай белең алған белсiздiк ауруын тiкелей «памперспен» байланыстырады. Өйткенi, памперс киiп өскен баланың қуаты қырыққа жетер-жетпесте тоқырап қалады екен. Себебi не? Жалпақ тiлмен айтқанда, ұл баланың мүшесiнiң ұшы мен қалтасының қалыпты температурасы болады екен. Жас бала «памперске» кiшi дәреттi жiберген мезетте, әлгi табиғи температура бiрден жоғарылайды. Аздан кейiн «памперске» сiңген зәр қайтадан тастай болып суиды. Осындай қысқа аралықта бiр күйден екiншi күйге алмасқан температура аталық бездiң дамуын шектейдi. Нақтырақ айтқанда, табиғи қуатын жойып жiбередi. Бұндай жағдай қыз балаға да керi әсерi. Аналық бездiң дамуына керi әсерiн тигiзедi. АҚШ және Еуропа елдерiнде озық ойлы дәрiгерлер «памперстi» қолдануға қарсы неше түрлi акциялар да ұйымдастырып, халықты жайлы жаялықтан бас тартуға үндеуде. Олар «памперс» шығаратын компанияларға өнiм өндiрудi тоқтат деп отырған жоқ, ата-аналарға оны пайдаланбауды ұсынуда. Сөйтiп, олар қолдарына ұстаған жалаушалары мен пикет құралдарына «Келiнiңiзге күйеу iздеңiз!» деген сөздi жазған. Бұның мағынасы: «балаңызға памперс кигiзгендi тоқтатпасаңыз, балаңыз өскенде белсiз болады да, келiнiңiз бала таппайды немесе басқа күйеу iздейдi» дегендi бiлдiредi екен. Мүлде пайдаланба демеймiз, тек анда-санда қонаққа барғанда немесе жолға шыққанда ғана қолданса, жөн емес пе? Бүгiн ерiнемiн деп, ертеңгi күнi орны толмас өкiнiшке айналмаса игi!
2014 жыл маусым
фото www.akusherstvo.ru сайтынан алынды