Сезiм
Ең күштi махаббат – әлсiздiгiн көрсетуден қымсынбаған махаббат. Қалай болғанда да егер бұл шынайы махаббат болса (өз-өзiңдi алдау, уақыт өткiзу я назарыңды басқаға бұру болмаса) – онда еркiндiк ерте ме, кеш пе бiр күнi қызғанышты жеңедi. Қызғаныштың жаныңды күйдiрген дертiн емдеп алады. Себебi, дерт – бұл да қалыпты құбылыс. Спортпен шұғылданғанның бәрi бiледi – күн сайын бiр уыс дертке дайын бол, бiр жерiң ауырып қалатыны анық. Бастапқыда саған осының не керегi бар дейсiң – бұлшықеттi ауыртады, мазаңды алады, түк пайдасы жоқтай көрiнедi, бiрақ уақыт өткен сайын бұл бағдарлама саған ұнайтынын байқайсың, дерттен жаның қысылмай, рақат таппайтын боласың. Ең ақырында – жаның ауырмай, қалағаныңа қол жеткiзбейтiнiңдi түсiнесiң.
Пауло Коэльо
Аударған Шынар Әбiлдә
Сүю
Махаббат деген есiрткi. Басында эйфория ұстайды, құстай ұшып, жеп-жеңiл боп жүресiң, бiр-бiрiңе сiңiп кеткендей күй кешесiң. Келесi күнi тағы солай болса екен дейсiң. Толық тартылып үлгермедiң, бiрақ бұл күй тұла бойыңды баурап алды. Кез келген сәтте бас тарта алам деп ойлайсың. Тiптi соныңа сенiмдi боласың. Сүйгенiң туралы екi минут ойлап, үш сағат ойламай жүре бересiң. Алайда уақыт өте бередi, сенiң ынтығың күшейе түседi. Кезектi есiрткiсiн иiскемей қалған нашақор сияқтысың. Сондай сәттерде нашақор ұрлыққа, адам өлтiруге, кез келген қорлауға көне кетедi. Сен де сол нашақордай махаббат үшiн бәрiне әзiрсiң. Сондықтан да жаныңда ұстап тұра алатын адамды ғана сүй.
Пауло Коэльо
Аударған Шынар Әбiлдә
Махаббат
Махаббат деген жабайы күш. Оны бағындыруға тырысқан сайын ол өзiмiздi ойран қылады. Оны тұқыртқан сайын ол бiздi тұтқындай бермек. Махаббатты түсiнуге тырысқан сәтте ол бiздi ой мен сезiмнiң арпалысына күйдiредi. Бұл фәниде махаббат пенде баласына қуаныш сыйлау үшiн ғана бар. Хақ тағала мен етене жақындар бұрынғысынан да жақындау үшiн. Десекте бiздiң заманда сүю деген жан тыныштықтың бiр минуты бiр сағат сағынышпен өтелетiн ғанибет. Сезiмiмiздi бөлiсетiн адам табылғанда ғана бұ ғаламнан мән табамыз. Бiздi бақытты ететiн дүние өмiр салтымыздан өзгешеленсе, онда не өмiрдi өзгертуге, не бұрынғыдан да бақытсыз бола түсуге тура келедi. Махаббатқа өзiн айшықтауға жол бермей, өзгелер бiздi бiз қиялдағандай сүйсiн деп дәмеленгеннен қайғы басталмақ. Ары қарай өмiр сүру үшiн бес күн жалғандағы басты сұрақтардың бiрде-бiрiне жауап жоқ екенiн бiлу де жеткiлiктi.
Пауло Коэльо «ЗАИР»
Аударған Шынар Әбiлдә