Жүктiлiктен сақтану жолдары
Бүгiнгi таңда жүктiлiктен сақтанудың түрлi әдiстерi бар. Тек, солардың iшiнен өзiңiзге қажеттi, денсаулығыңызға зиянсыз түрiн таңдағаныңыз абзал.
Мүшеқап: Мүшеқаптар берiктiлiгi 99 %-ды құрайды. Бұл 100 жағдайдың бiреуiнде ғана жоспарланбаған жүктiлiк орын алатынын көрсетедi (көбiне дұрыс пайдаланбау, нашар сапалылықтың немесе мүшеқапты дұрыс сақтамау салдарынан болады). Бұл еркектiң ұрығын жатырға жiбермей, ұстап қалатындықтан, жүктiлiк болмайды.
Спермицидтi құралдар: Бұған түрлi таблеткалар, крем, мазь, свеча түрiнде шығарылатын құралдарды жатқызады. Бұл жатырға енген еркектiң шәукетiнiң белсендiлiгiн жояды. Сондықтан, ұрықтану процесi жүрмейдi.
Спираль: Бүгiнде кең тараған әрi тиiмдi тәсiлдердiң бiрi. Оның қарапайым пластиктен, күмiстен және мыстан құйылған түрлерi кездеседi. Формасы да алуан түрлi. Жүктiлiктен ұзақ мерзiмге сақтануға болады. Шығарылу тәсiлiне қарай 1 жылдан 5 жылға дейiн жатыр iшiнде тұра бередi. Дәрiгерлер 98 пайыз сақтайтындығына кепiл бередi.
Гормоналды құралдар: Жүктiлiктен сақтану мақсатында ғана емес, ағзадағы түрлi гормоналды ауытқушылықтарды ретке келтiру үшiн қолдануға болады. Сондай-ақ, ең қиыны гормоналды құралдар белгiлi бiр уақытта, тұрақты түрде қолданылатындықтан, уақытын өткiзiп алуға болмайды. Әйелдер арасында бұл құралдарды қолдану барысында салмақ қосатындығы туралы айтылады. Бұл дәрiлер адамның тәбетiн ашатындықтан, асты әдеттегiден көбiрек тұтына бастауыңыз мүмкiн. Бұл өз кезегiнде артық салмаққа алып баратыны жасырын емес.
Барьерлiк әдiс: Бұнда әйел жатырына сперматозоидтардың енуiне механикалық түрде жол бермейтiн құралдар қолданылады. Цервикальдi қалпақша мен диафрагма әйелдерге арналған. Бiрақ, бұлар қазiргiдей өркениеттi ортада көп қолданылмайды.
Цервикальдi қалпақша – кесе тәрiздес құрал, жатыр мойнының немесе қынап қабырғасының жоғарғы жағы мен қалпақшаның жиегi арасындағы керi қысым нәтижесiнде орналасады. Жатыр мойнына сперманың енуiне кедергi келтiредi.
Диафрагма – күмбез тәрiздес майысқақ жиектi резина қалпақша, жыныс қатынасы алдында қынапқа енгiзiледi. Бұл екеуiн де арнайы дәрiгермен кеңесiп, қалай дұрыс орналастыру қажеттiгiн бiлiп барып қолданған дұрыс. Диафрагма дұрыс тұрса ғана жүктiлiктен сақтандырады. Көп реттiк контрацепция түрiне жатады.
Губка – полиуретаннан жасалған, спермицидпен сығымдалған «жастықша». Пайдаланар алдында суға малып алып, қынапқа тереңдетiп енгiзедi. Оның әсерi 24 сағатқа дейiн. Пайдаланған соң губканы лақтырып тастайды. Жыныс қатынасына сирек баратын әйелдерге жарайды.
Иньекциялық әдiс: Iшкi бұлшықет арқылы жiберiлетiн гормональдi препарат. Ол бiрте-бiрте организмге жайылып, 8-12 аптаға контрацепциялық әсер етедi. Иньекциялық контрацептивтiң құрамында бiр ғана жыныс гормоны – гестаген болады, ол әйел организмiндегi жұмыртқа клеткасының өсiп-жетiлуiн тоқтатады. Тиiмдiлiгi жоғары әрi ұзақ уақыт сақтандырғанымен бұның да өзiндiк кемшiн тұстары да жоқ емес. Бұдан кейiн бiрнеше айдан соң барып қана жүктi бола аласыз. Бұнда да етеккiр циклi өзгерiп, ең сорақысы: ағзаңыз қабылдамаған, яғни жақпай қалған жағдайда келеңсiздiктi препараттың әсерi жойылмайынша тоқтату мүмкiн болмайды.
Хирургиялық әдiс. Өз еркiмен ендi ешқашан бала көтергiсi келмейтiн әйелдерге жасалады. Әйелдердiң жатыр түтiкшелерiн байлап тастайды, соның нәтижесiнде әйел жұмыртқа клеткасы мен сперматозоидтың кездесуi болмайды.
Экстрендi тәсiл: Жедел пайдалануды қажет ететiн контрацепция жыныс қатынасынан соң бiрден қолданылады. Мысалы, мүшеқап жыртылып кеткенде, диафрагма мыжылып қалғанда, таблетка қабылдауды ұмытып кеткенде немесе кездейсоқ жыныс қатынасына барғаннан соң пайдаланылады. Қазiргi уақытта дәрiгерлер бұндай жағдайда жоғары дозалы гормональдi таблеткалар мен жатырiшiлiк спиральдi таблеткалар мен жатырiшiлiк спиральдi пайдалануды қажет деп санайды. Ондай таблетканың бiрi «Постинор» деп аталады. Жыныс қатынасынан соң 72 сағат iшiнде қабылдап үлгеру керек, неғұрлым ертерек iшсе, соғұрлым нәтижесi тиiмдi болмақ. Содан кейiн 12 сағаттан соң екiншi таблетка iшедi. Ал, жатырiшiлiк спиральдi 5 күн iшiнде салып үлгеру керек.
Физиологиялық әдiспен сақтану: Әйелдiң етеккiр алдындағы бiр апта мен етеккiрден кейiнгi бiр апта қауiпсiз деп есептеледi. Егер осы уақытты мұқият есептеп, жыныс қатынасына түсетiн болсаңыз, жүктiлiктен сақтануыңызға болады.
Вазэктомия: Еркектер арасында әлi де қорқыныш ұялататын жүктiлiктен сақтанудың түрi – хирургиялық тәсiл – вазорезекция немесе вазэктомия деп те аталады. Ұрық өтетiн жолды байлап тастау операциясына кез келген ер азамат келiсе қоймас.
Еркектердi стерилизациялау. Батыс елдерi мен Америкада кеңiнен тарап келедi. Вазэктомия iшiнде iстелетiн операция және жүктiлiктен сақтануда 100 пайыз кепiлдiк бере алатын бiрден бiр жол. Бұндайда жыныс қатынасына еш кедергiсi жоқ, бұрынғыша оргазм да, эякуляция да жүредi, сол сұйықтық сол мөлшерде бөлiнедi, бiрақ, оның құрамында сперматозоидтар жоқ.
2014 жыл қыркүйек
фото ғаламтордан алынды