Төсемелердi таңдай бiлiңiз!

Сәлеметсiздер ме, құрметтi «Ақ босаға» газетiнiң редакциясы. Менiң сiздерге сұрағым бар едi.
Ай сайын келетiн етеккiр кезiнде қазiр әйелдер қауымының денi дүкеннен арнайы төсемелердi сатып алып, қолданады ғой. Мен де сөйтіп жүр едiм, кейiнгi кезде ұятты жерлерiмде бөртпелер пайда болып жүр. Басқа ауру белгiсi дейiн десем, басқа кездерде бөртпенiң iзi де жоқ. Бұл сонда «прокладкаға» аллергиям бар дегендi бiлдiре ме? Ол төсемелердiң мерзiмi бола ма? Әлде оны да дұрыс қолдана бiлу қажет пе?
Ақмарал,
Оңтүстiк Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы.

– Иә, қазiр арнайы төсемелердiң нешетүрлiсi бар. Қалтаңызға қарай қалағаныңызды алуға болады. Бiрақ, олардың да аллергия тудыруы әбден мүмкiн.
Оның негiзгi белгiлерi: жыныс мүшесiнiң қызаруы, iсiнуi, қышуы, ауырсынуы, қызаруы болып табылады.
Ал, аллергия тудырудың бiрнеше себептерi бар. Мысалы, ол төсемелердiң беткi қабаты өте тығыз, мықты етiп жасақталған. Сол себептi жыныс мүшесiнiң дем алуына кедергi жасап, ауа өткiзбейдi. Соның әсерiнен терлеп, қызарған жыныс мүшесiне инфекцияның көбеюi артады екен.
Сонымен қатар, бүгiнгi күнi кейбiр төсемелерде түрлi өрнектер салып, хош иiстендiрiп шығару сәнге айналып кеткен. Ол, әрине, тұтынушылардың қызығушылығын оятады. Дегенмен, ондай түрлi-түстi бояулары көп түрлерiн қолданбауға тырысу керек. Себебi, оның құрамында терiге керi әсер ететiн химиялық қоспалар болады. Ал, оның бiреуi болмаса, екiншiсi сiздiң ағзаңызға жақпауы ғажап емес.
Ескеретiн жайт, қандай төсеме болмасын, етеккiрiңiз аз мөлшерде келсе де, 3 немесе 4 сағаттан артық пайдаланбаған дұрыс. Одан ұзаққа жүрсеңiз, вирустарды көбейтiп, ауру тудыруы мүмкiн. Мысалы, цистит, вагинит сияқты ауруларға шалдықтырады.
Айтпақшы, төсемелердi ауыстырарда да гигиена сақтауды ұмытпаңыз! Қолыңызды жуып барып қана, жаңасына ауыстырыңыз. Және дәрет аларда да алдымен қолды жақсылап жуып алған дұрыс.
Ал, емделуiне келер болсақ, кесел төсемелерден екендiгiне көзiңiз жетiп, ендi бөрте бастағанын байқасаңыз, мына әдiстi қолданып көрiңiз. Аса ыстық не суық емес, салқын сумен бөрткен жерлердi жуыңыз, ол сол аймақтың қышуын басуға көмектеседi. Қасимын деп нәзiк терiнi зақымдап алудан сақ болыңыз!
Екiншi тәсiл: түймедақтан дайындалған сұйықтықтың да пайдасы мол. Жарты литр суға 2-3 қасық түймедақ кептiрмесiн салып қайнату керек. Сосын суығасын соң жыныс мүшелерiн жуасыз.
Бөртпелер азаймай, керiсiнше қызарып, iсiнiп бара жатқанын байқасаңыз, бiрден дәрiгерлiк тексеруден өтiңiз!

Сізге де ұнауы мүмкін

КЕЛІННІҢ КҮНДЕЛІГІНЕН
Жемқоры жоқ Жапония

Автор

Меню