Көктемде құлпырудың 7 тәсiлi

Көктем келiп, қыс суығы қайтқанда, көңiлiмiз де көтерiлiп, «жаңару» сезiмiн бастан кешiремiз. Қысқы қалың кiимдердi жинап, ашық түстi әдемi, сәндi киiмдер киiп, түрлi әшекейлермен өз образымызды толықтыра түсемiз. Алайда, көктем күтiмдi қажет етедi. Көбiнесе жылдың осы мезгiлiнде адамның қорғаныш қабiлетi төмендеп, әлсiрейдi. Сол себептен, шаш, тырнақ, бет терiсiне ерекше көңiл бөлуiмiз керек. Әсiресе, бет терiсi сезiмтал келедi, әрi ерекше күтiмдi қажет етедi. Қысқы суық пен аяздан кейiн бет терiсi құрғап, өңi кете бастайды. Бетiмiзде түрлi дақтар мен бөртпелер шығып, тiптi, безеулер пайда болады. Оған бұлт арасынан шыққан күн сәулесi де әсер етедi. Бұл мәселерден арылудың тиiмдi жолдары ретiнде мыналар ұсынылады:
1. Көбiрек жемiс-жидек тұтынған жөн. Көкөнiстер ағзада дәрумен жетiспеушiлiгiнiң алдын алады. Ұн мен тәттi тағамдарға әуестенбеу керек.
2. Қысқы маусымда ағзада түрлi токсиндер (зиянды нәруыздар) жиналады. Олардан арылу үшiн ең тиiмдi тәсiл – ыстық монша немесе ванна. 
3. Жатар алдында немесе таңертең мiндеттi түрде беттi тазалап сүртiп, терiнi демалдырған жөн. Көктем кезiнде су құбырларында хлор деңгейi жоғары болады. Сол себептен, қайнаған немесе тазартылған сумен жуынған абзал. Косметикалық тазарту құралдарын азырақ қолданған дұрыс. Дегенмен, ылғалдандырғыш, нәрлендiргiш жақпамайлардың сапалысын қолданған әрдайым тиiмдi. 
4. Майлы бет терiсiне құрамында аз ғана спиртi бар құралдар қолдану ұсынылады. Дегенмен, үй жағдайында мұз текшелерiн немесе арнайы шөп қайнатпаларын қолданса да болады.
5. Көктемгi ультракүлгiн сәулеге қарсы SPF-10-15 белгiсi бар жақпамайларды қолданған жөн.
6. Көктем кезiнде түрлi аллергиялар болуы мүмкiн. Сондықтан, сезiмтал терiге арнайы кремдер қолдану қажет.
7. «КӨКТЕМГI ДЕПРЕССИЯға» берiлмеу қажет. Бұндай жағдайдың орын алуы қыс кезiндегi дәрумен мен күн сәулесiнiң жетiспеушiлiгiнен болуы мүмкiн. Ол үшiн тәулiгiне 8 сағаттық қалыпты ұйқыны қадағалау керек. Уақытылы демалып, денсаулыққа мән берiңiз. Таза ауада серуендеп, көбiрек сыртта уақыт өткiзiңiз. 
Аталған кеңестер кәдеңiзге жарар деген сенiмдемiз. 
Дайындаған Ақбота Мұxамбетәли

Сізге де ұнауы мүмкін

Алладан сұраңыз
Актриса, продюсер, режиссер, «Құрмет» орденiнiң иегерi Назгүл Қарабалинамен сыр-сұқбат

Автор

Меню