Қазiргi мынау тасбауыр заманда «кел» деген сөзден гөрi «кет» дегеннiң көп айтылатыны рас. Себебi, тұрмыс ахуалы мен дағдарыс, экономикалық күйзелiс адамдарды әбден шаршатқан. Тiптi, отбасы мүшелерiнiң өзi бiр-бiрiнен қашып, гаджеттерiн құшақтап бұрыш-бұрышта отыратын болды. Онда да бiр оңып тұрған әңгiме жоқ-ау, үйтiп кеттi, бүйтiп кеттi, митингiге шығайық, қырайық, жояйық деп ұрандатып жатқан бiр «күрескерлер». Анасынан алып кеп боқтайды дейсiң бiр-бiрiн: көзқарастары, пiкiрлерi үйлеспейтiн жандар. Ал, ғаламторда жасөспiрiмдер, оқушы балалар да отырады. Желiдегi желiккендер өз оппонентiн ғана емес, сол арқылы белгiлi бiр ұлттың ар-намысын ашықтан-ашық таптайды. Мәселен, қазақтың сан ғасырлық тарихын ту талақай етiп, келемеж жасайтын лас сөздердi боратып жатады. Бұларға неге тиiстi орындар тоқтам салмайды? Менiң үлкен басым осыған жетпейдi. Жетпейдi деп салыстырмалы тұрғыда айтып отырмын ғой. Өйткенi, қазағымның әр шаңырағы өнегелi, ұлттық мәдениет мәйегiн бойына сiңiрiп өскен ұрпақ тәрбиелесе екен деген мақсатта отбасылық басылымды шығарып, бұқараға таратқалы берi заң-зәконды аттаған кезiмiз жоқ. Сонда да болса, қия баспай тура жолмен жүрсек те сот тарапынан бiр рет ескерту алыппыз. Екiншi рет бiрнеше айлық көрсеткiш деп белгiленген айыппұл да төлеуге мәжбүрледi. Қойған кiнәсi: мына мақалада бүй депсiң, оның қате десе ғой түсiнесiң… Зерделей келе сырттай сотталудың себебi «Елiм-ай» айдарымен жарияланған бiр поэманың «салдары» деп түсiндiм. Ал, бүгiн желiдегi қазақ ұлтының атына айтылып жатқан ғайбат, жаның түршiгерлiк трольдiк ұлтараздығын қоздырушылық бағыттағы комментарилер қырағы көздер сұғына неге түспейдi?! Интернеттегi демократияның түрi осы ма? Немесе, мұндай жалпақшешейлiк қашанға шейiн созылады? Қазiр газет-журналдар таралымы азайып, тв көп қаралмайтын, радио тыңдалмайтын болған. Жұртшылық жаңалықты да желдей ескен ғаламтордан лезде естидi. Ал, ғаламторға ақпарат таратып жатқанның бәрi оқыған, зиялы, халыққа жаны ашитын, ел үшiн қызмет етудi мiндет тұтқан тұлғалар емес. Кiм көрiнген аузына не келсе, соны айтады.
Кешегi демалыс күнгi ермегiм менiң де ғаламтор болды. Қалыптасқан әдетiм бойынша қыз-келiншектердiң каналдарын бiр шолып өттiм. Сосын қыз-келiншектер жайлы тақырыптардағы мәтiндермен таныстым…
Өзiм жақсы көретiн адвокат қыз Айман Омарова оралмандар — С.Сауытбай мен С.Бiләштердi қорғаумен айналысып жүр екен. Iстерiне сәттiлiк! Қызыл қарын жас баласының жарқын болашағына алаңдайтын аналар болса, әбден ашынған. Әр жерден бұрқ еткiзiп үкiметке қояр талаптарын айтып жатыр… Үкiмет ауысып, қайта жасақталып, алғашқы Президент орнын берiп, қала, көше атаулары да өзгерiске түскен. Бiреу ұнатып, бiреулер мұны ұнатпай өз пiкiрлерiн ұсынып та жатыр екен…
Мұншама қарбаластың көктемгi қызыл су жүретiн кезде қабаттаса кетуi де ел көңiлiн қатты елеңдетуде. Иә! Өзi кедей көпшiлiгi
жер кепе баспанада тұратын ауылдық ағайын, әсiресе, ашулы. Халайық зор үмiт күтiп сайлаған депутат ханымдар елдi аралап, қазақ санын көбейтуге айтарлықтай үлес қосып жүрген көп балалы аналардың митингiлерiне бiреуi келiп, не тыңдамады. Не БАҚ беттерiнде бiр ауыз ынтымақты сөздерiн айтпады. Иә!
Бұрын депутат болғаны, болмаса биiк мансап арқалағаны бар
Алтыншаш Жағанова, Жiбек Әмiрханова, Софья Сейiтқалиева, Айткүл Самақова, Светлана Жалмағамбетова, Оразгүл Асанғазы апаларымыз қандай едi. Ел-елдi аралап, көзбен көрiп, ұлттық мәдениет, әдебиет, халық тұрмысы, алтын басты әйелдердiң ахуалына менiң салам емес демей, үнемi көңiл бөлiп жүретiн. Айтатын. Бұл апалар дiн аман, жастары келiп аттан түсiп, ардақты әжелердiң бес қабат көрпесiне отырған сыңайлы.
Мәжiлiстегi 29, Сенаттағы 5 әйел депутаттың зор күш екенi белгiлi. Бiрақ, осы 34 әйел ең болмаса бiр рет бас қосып, қалың елi – қазағының қал-жағдайын қазақ тiлiнде сөйлеп, өзара талқылады ма екен?
Жоқ-ау, бұлардың кейбiрiнiң жасы жетпiске тақап қалса да тақтан түскiсi жоқ. Бiреуi зейнетақысының қарапайым еңбеккердiң зейнетақысымен тең екенiн айтып наз қылуда. Екiншiсi қартайғанда ешкiмге салмақ салмай жеке тұруды қалайтынын айтып қалды.
Бұл ендi орысша оқып, басқаша, ескiше ойлаудың жемiсi, әйтпесе, қайда тұрса да жағдайы жаман кiсi емес қой.
Қазiр, құдайға шүкiр, қазақ мектептерiн бiтiрiп, «Болашақпен», былайынша өз күштерiмен де шетелде оқып келген мамандар баршылық. Жастары 35-40-тардағы кәсiп ашып, қазынаға млн.даған салық төлеп жүрген қыз-келiншектер жетерлiк. Ел-жер, экономика, экология, тiл мәселелерiн шемiшкедей шағып отырады ғаламторда. Олардың бәрiн ел таниды, сенедi де. Мәселен, журналист Сәуле Әбединова, заңгер Камиша Ешмұхамбетқызын алайықшы, ойы ұшқыр, тiлi жатық, дiлi қазақы, жастарына келсек дер шағында. Ерлер жағын сөз етпей-ақ қояйын. Әйелдер физика, эмоциялық жағынан тез қартайып, ұмытшақтық, т.б. ауруларға жиi шалдығады. Соны ескерiп, әйел затын 60-тан асырмай зейнетке жiберу керек. Сондай-ақ, депутат сайлауына баяғыдай, кеңес кезiндегiдей әйел затына квота бөлсе тiптi де сөкет емес. Жаңағы 34-тiң тең жартысы өзiн өзi ұсыну, қоғамдық ұйымдар арқылы өтсе құба құп.
Шалдар шалжиып отыра бередi. Алтыншы мүшел – қарттық кезеңге аяқ артқан апалар, арды ойлап, жұртшылықтың «кет» дегенiн естiмей орынтақты босатып, жастарға берсеңдершi!
Баршаңызға абырой тiлеймiн.
Шолпан ҰҒЫБАЙҚЫЗЫ
2019 жыл