Ірімшік — қазақтың ұлттық сүт тағамдарының ішіндегі ежелгі, ең көп тараған және адам ағзасы үшін аса маңызды тағам. Ірімшікті әжелеріміз қойдың, ешкінің, сиырдың сүтінен әркім өз тәжірибесі бойынша әзірлеген.

Дайындау теxнологиясы

Алдымен сүтті қазанға құйып алдын – ала жуылған мәндірді (жас қозының ұлтабары) үлпершек жағын сүтке батырып, қазанның бетін жауып 2-3 сағат ұйытып қояды. Сүт ұйығаннан кейін мәндірді алып, жуып, кептіру үшін іліп қояды. Қазанның астына от жағып, ұйыған сүтті бүлкілдетіп, сары суы сарқылғанша баяу қайнатып, пісіреді.
Дайын болған ірімшікті сүзіп алады.

Мәндірмен дайындалған ірімшіктің дәмі өте ерекше болады. Сүттің құрамындағы табиғи қанттың мөлшеріне қарай сәл тәттілеу, xош иісті, түсі қызғылт сары, өзі жұмсақ келеді.

Құндылығы мен құпиясы

Ірімшік тек қана сүттен дайындалатын және әбден қайнатылып, сары суынан бөліп алынатын тағам болғандықтан, сүттегі маңызды қоректік заттар ірімшікте екі есе көп болады. Атап айтқанда: толыққанды сүт майы, оның құрамында өте маңызды (араxидон, линолды, линоленді) май қышқылдары және А, Е, Д, Б1, Б2, Б6, Б12, РР, С дәрумендері бар.
Ірімшіктің құрамында адам ағзасының қызметі үшін маңызды макро-микро элементтердің барлығы бар, сондықтан сүт тағамдары – күш – қуаттың қайнар көзі.

Авиценна «адам баласы үшін ең жақсы, ең маңызды тағам — сүт» деген.

А – адам ағзасының дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін және көз қырағылығын арттырады.
Д – сүйек ұлпасының мықты болуына әсер етеді. Жас балаларды мешел ауруларынан сақтайды.
Б1- адам ағзасына күш-қуат береді, жүйке- жүйесінің дұрыс қалыптасуын және ас қорыту процесін жақсартады.
Б2 – ағзаның бір қалыпты өсуіне қажет дәрумен, көздің жақсы көру қабілетін сақтайды.
Б6 – баланың бойы өсуіне әсер етеді, қан мөлшерін реттейді.
Б12 – қанның пайда болу процесіне қатысады, анемия ауруына қарсы тұратын қасиетті қалыптастырады.
Е – адам бұлшық еттерінің және жыныс бездерінің қызметін жақсартады.
РР – қан ағымын және бауыр жұмысын жақсартады.

Дайындаған Айжан Қарабала
Асем Өмірзақ

Сізге де ұнауы мүмкін

«Алғашқы 3 минут»
Екi жарты, бiр бүтiн

Автор

Меню