Бет бояуларының зияны

Мамандар косметика сатып алардан бұрын косметологтың қабылдауында болып, бет-терiсiнiң ерекшелiктерiн анықтап алуды ұсынады. Арулардың басым көпшiлiгi терiсiнiң қай типке жататынын әлi күнге бiлмеуi де мүмкiн. Ал, бояуды жарнамасына, бағасына қарай сатып ала бередi. Бұл дұрыс емес. Беттi тазарту және қорғау үшiн қажеттi заттарды әртүрлi компания өнiмдерiне жүгiрмей, тек сенiмдi бiр компаниядан ғана алып отырғаныңыз абзал. Яғни, бет жуатын, одан соң жағатын, себетiн құралдарды бәрiн бiр брендтен сатып алғаныңыз жөн.
Германияның Лейпциг ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары жүктiлiк кезiнде косметиканы күнделiктi қолдану болашақ өмiрге келетiн сәбидiң семiздiгiне әкелiп соғады деген тұжырымға келiптi. Бояу құрамында кездесетiн күрделi эфир – парабеннiң әсерiнен iштегi баланың денсаулығына зиян келмек. Жаңа ғылыми жаңалықты жарияламас бұрын ғалымдар алдымен жүктi әйелдердiң несебiнде қанша парабен кездесетiнiн бақылапты. Кейiн өмiрге келген сәбидi 8 жасқа дейiн бойы мен салмағын қадағалайды. Алынған нәтижелердi тағы бiр тексерудi мақсат еткен ғалымдар тышқандарға да зерттеу жасайды. Екi жағдайда да әйел ағзасында кездесетiн бутилпарапеннiң артық салмаққа алып келетiнiн анықталады.
Бұған дейiн ирландық зерттеушi ғалымдар тобы жүктi келiншектерге кофе мен шәйдiң құрсақтағы нәрестеге зияны туралы да ескерткен едi.
Врач-косметолог Наталья Новицкая бояулар құрамына қосуға рұқсат етiлген, алайда, адамның терiсiне және денсаулығына зиян келтiрер бiрнеше компоненттi атап көрсетiптi:
— Парабендер. Құтыда butyl, ethyl, methyl paraben деген жазу болса, сатып алмаған абзал. Терi аллергиясын, дерматит тудыруы мүмкiн. Paraben free (парабенсiз) деген жазуды iздеңiз.
— Силикон. Егер бояу құрамында 50 пайыздан жоғары мөлшерде кездесетiн болса, қашыңыз. Әсiресе, бұл шаш бояуларына қатысты. Silicone free (силиконсыз) жазуы болса алуға болады.
— Жануар майы. Терiде бактерияның көбеюiне жол ашады.
— Мұнай қалдықтарын өңдеу арқылы алынған майлар терiнiң бетiнде қабықша түзiп, оттегiмен демалуға кедергi келтiредi. Қорғаныш кремдердiң қорабында oil free жазуы болғаны абзал.
— Фталаттар (Phthalates, BBP, DBP, DEHP, DEP, DIDP) — қауiптi компонент. Генетикалық өзгерiстерге апарады, әсiресе жүктiлiк уақытында мұнан аулақ болған жақсы.
— Кватерниум-15 (Quaternium-15). Бояу құрамына микроб жоюшы зат ретiнде қолданылады. Терi аллергиясын тудыруға қабiлеттi саналады.

Сізге де ұнауы мүмкін

Секер көлi
Заңгер Айман Омарова: «Зорлық-зомбылық ашық айтылса, қылмыс азаяды»

Автор

Меню