1. Ешкім ешуақытта сені әке-шешеңнен артық жақсы көре алмайды.
2. Жұпыны өмір сүретін адамның досы да аз болады.
3. Кейбір адамдар ақыл-ойы жоғары жанды ұнатпайды, өйткені, олар үшін сыртқы кескін-келбет бірінші орында.
4. Енді бір топ жан сенің адамдығыңды емес, ақшаны сыйлайды. Себебі, ақшаға деген құрметі ерекше.
5. Қатты жақсы көрген, өлшеусіз сенген адамың жаныңа өзгелерден гөрі қаттырақ жара салады.
6. Егер сен бақытты болсаң, әннің әуеніне елітесің, ал көңіл-күйің жоқта әннің сөзін тыңдайсың.
7. Адамды екі нәрсе анықтайды: ештеңесі жоқ кездегі шыдамдылығы және барлығы бар кездегі қылығы.