АНКЕТА ДӘПТЕРІ: МЫРЗА ЕРКІНБЕКОВ

Өткен жылы Италияның Эболи қаласында өткен панкратионнан әлем чемпионатында бiрден бес медаль ұтып алып, рекордтық көрсеткiш көрсеткен жас балуан — Мырза Еркiнбеков. Бұл жас жiгiттiң есiмi соңғы кезде жиi айтылып жүр. Оған түрлi жағдайлар да себеп болды. Десе де Мырзамен пiкiрлесiп қарапайым қазақы жiгiт екенiн аңғардық. Осы жолы газетiмiздiң анкета дәптерiн Мырза Еркiнбеков толтырады.
1. Толық аты жөнiңiз: Еркiнбеков Мырза Болатұлы
2. Туған күнiңiз: 18.08.1994
3. Анкета дәптерiн алғаш рет қашан толтырған едiңiз? Ең бiрiншi 5-сыныпта толтырғанмын.
4. Спортты неше жасыңызда бастадыңыз? 12 жасымнан бастап спорттамын.
5. Өмiрдегi ең үлкен жетiстiгiңiз деп ненi санайсыз? Бақытты болғаным!
6. Адам бiрiншi өзiн жақсы көруi керек деген тұжырыммен келiсесiз бе? (Күлiп) Әрине, келiсемiн…
7. Дәл қазiр сiз үшiн ең бағалы зат? Ол менiң – отбасым.
8. Спортта әдiлетсiздiк көп болады деген қаншалықты рас? Бұл спортта әртүрлi жағдайлар болады…
9. Сiздiң замандас жолдастарыңызға не жетiспейдi деп ойлайсыз? Оны бiр сөзбен айта салуға келмейдi. Әркiмге әрқалай көрiнедi және әртүрлi нәрсе жетiспейдi.
10. Қазақтардың арасындағы өзара бақталастықты жою үшiн не iстеу керек? Ең бiрiншi көре алмаушылықты қою керек!
11. Қыз балалардың спортпен айналысуына қалай қарайсыз? Менiң ол туралы көзқарасым жақсы.
12. «Қазiр ер жiгiттердiң қадiрi түсiп бара жатыр» деген ойға қандай пiкiр айтар едiңiз? Әрине, ол рас! Көп жiгiттер батысқа, еуропаға елiктейдi, әрi солардың қатары басым болып бара жатыр.
13. Өмiрде неден қателестiм деп ойлайсыз? Бұл сұраққа былай жауап берейiн: Сүрiнбейтiн тұяқ, «ұрылмайтын» жақ жоқ! Адам болған соң қателесемiз.
2017 жыл

Сізге де ұнауы мүмкін

Құжатсыз жүрген қандай-ды
Супер келiн

Автор

Меню