«Ақ босағаның» анкетасы ақын Олжас Отарда

«Ауырмайды жүрек», «Шыда жүрек» секiлдi танымал әндердiң авторының кiм екенiн бiлесiз бе? Ол – тек жүректердi емдейтiн сөз жазатын ақын. Айтыс сахнасында да өзiндiк қолтаңбасы бар, бiрақ мамандығы – экономист. Ал үйде үш бала тәрбиелеп отырған әке, үлгiлi отағасы. «Ақ босағаның» анкета дәптерi бүгiн айтыскер ақын Олжас Отардың қолында.

1. Толық аты-жөнiңiз: Олжас Отар Асангелдiұлы.
2. Туған күнiңiз: 30 мамыр.
3. Мектепте естелiк дәптерiн толтырдыңыз ба? Иә, толтырғанмын. Әсiресе жақсы көретiн қыздардың анкетасын толтыруға құмар едiк қой (күлiп).
4. Сiз үшiн өмiрдiң мәнi: Аман-есен жүру.
5. Есiңiзден кетпейтiн сатқындық: Сатқындық деген күнде қайталанып жүр ғой. Оны есте сақтаудың да қажетi жоқ. Өйткенi, олар рухани мүгедектер ғой.
6. Күресiп жүрген мiнiңiз бар ма? Мiнсiз адам бола ма? «Ұрлықты көрсетпей жасаған жақсы» дейдi ғой, көпшiлiкке айтпай ақ қояйын.
7. «Ер адамдар мықты» дейдi ғой, бiрақ, көзiңiзге жас алған кезiңiз бар ма?
Есiмде жоқ, мен қасқайып қарсы тұруға үйренгенмiн. Кiшкентайымда Бауыржан Момышұлы кумирым болатын. Кейiн өмiрде Бауыржан Есебаевты кумир көрдiм. Ол да еш уақытта еңсесiн төмен түсiрген адам емес.
8. Қатты қуанған кезде бiрiншi кiммен бөлiсесiз? Әрине, әйелiммен, бауырларыммен, әке-шешеммен. Ол жағдайға да тәуелдi. Мысалы, отбасына қатысты болса әйелiммен. Өйткенi, «жақсы әйел әлемнiң жарты байлығы» дейдi ғой.
9. Бауырларыңызға аптасына неше рет хабарласасыз? Әр кезде әрқалай. Себебi, бәрi әр салада қызмет етiп жүргесiн уақыттары шектеулi. Бес бауырымның төртеуi Астанада. Аптасына бiр рет кездесiп тұруға тырысамыз.
10. Жалғыз қалған кезде бiрiншi не туралы ойлайсыз? Осы күнiме шүкiр деймiн. Сосын сараптама жасаймын. Адам болған соң қателiк көп болады ғой.
11. Балаларыңызға жиi айтатын ақылыңыз: Адам бол!

Сізге де ұнауы мүмкін

Қызың кетсе Қытайға
КЕЛІННІҢ КҮНДЕЛІГІНЕН

Автор

Меню