4 баласы барлар көп балалы отбасыға жата ма?

«Ақ босаға» газеті!
Ендi 4 баласы барлар көп балалы отбасыға жатпайды екен деген сөз қаншалықты рас?
Мақпал, Алматы облысы.

e-gov cайтындағы «Көпбалалы отбасылар мен көпбалалы ананың мәртебесi» деген бөлiмде көрсетiлген мәлiметке қарасақ, көп балалы отбасыға 4 баласы барлар да жататынына көз жеткiзуге болады. Тек отбасының құрамындағы бала санына қарай әлеуметтiк төлем жүйесiн диффренциалды түрде тағайындау жүзеге асырыла бастаған. Сонымен, ақпаратқа көз жүгiртсек.
Қазақстанда құрамында бiрге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның iшiнде кәмелеттiк жасқа толғаннан кейiн бiлiм беру ұйымдарын бiтiретiн уақытқа дейiн (бiрақ 23 жасқа толғанға дейiн) орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм алатын балалары бар отбасылар көпбалалы отбасылар болып саналады. Алты бала туған және тәрбиелеген көпбалалы аналарға «Күмiс алқа» алқа берiлсе, ал жетi не одан көп бала туған және тәрбиелеген көпбалалы аналар «Алтын алқа» алқамен марапатталады.

Көпбалалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар

Кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар немесе жиырма үш жасқа дейiн күндiзгi оқу нысаны бойынша оқитын студенттерi бар көпбалалы отбасыларға отбасы табысына қарамастан төмендегi көлемде жәрдемақы тағайындалады:
төрт балаға – 16,03 АЕК немесе 46 760 теңге;
бес балаға – 20,04 АЕК немесе 58 457 теңге;
алты балаға – 24,05 АЕК немесе 70 154 теңге;
жетi балаға – 28,06 АЕК немесе 81 852 теңге;
сегiз және одан көп балаға – 28,06 АЕК немесе 81 852 теңге қосымша 4 АЕК бойынша жетi баладан кейiнгi әрбiр үшiн.
Онлайн-қызмет арқылы осы жәрдемақыны тағайындауға өтiнiм беруге болады.
«Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелi «Ана даңқы» ордендерiмен марапатталған көпбалалы аналарға ай сайын 6,4 АЕК мөлшерiнде мемлекеттiк жәрдемақы төленедi. Аталған жәрдемақыны алу үшiн келесi құжаттармен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ-ға жүгiну қажет. Қызмет көрсету мерзiмi – 7 жұмыс күнi. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi қажет болған жағдайда қажеттiлiгiне қарай iс материалдары ресiмделгенге дейiн 30 күн мерзiмге ұзартылады, бұл ретте егер құжаттар ресiмделiп болса мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Мемлекеттiк корпорацияға қосымша құжаттарды ұсынған күннен бастап 7 жұмыс күнiнде көрсетiледi.

Басқа да жеңiлдiктер
«Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелi «Ана даңқы» ордендерiмен марапатталған көпбалалы аналар тұрғын үйдi мемлекеттiк тұрғын үй қорынан алуға немесе жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдi алуға бiрiншi кезекте құқылы.
Сондай-ақ, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар төменде көрсетiлген:
көлiк құралдары бойынша салық (бiр автокөлiк құралы бойынша);
тұрғын үй қоры иеленген жер учаскелерi, оның iшiнде ондағы құрылыстар мен ғимараттар бойынша салық;
үй жанындағы жер учаскелерi бойынша салық;
жеке тұлғалардың мүлкi бойынша салық (1000-еселiк мөлшердегi АЕК шегiнде);
нотариалдық әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж салығы;
зияткерлiк меншiк саласында уәкiлеттi мемлекеттiк орган заңды маңызы бар әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж салығы сияқты бiрқатар салықтар мен мемлекеттiк баж төлеуден босатылған.
Сонымен бiрге, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3-тармағына сәйкес 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды 8 жасқа дейiн тәрбиелеген әйелдердiң 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
2021 жыл

Сізге де ұнауы мүмкін

Мақпал Жүнісова, Қазақстанның Халық әртісі: Құрметті «Ақ босаға» газетінің ұжымы! Сіздерді 30 жылдық мерейтойларыңызбен құттықтаймын!
Алыстағы арулар

Автор

Меню