Өкiнiш. Өмiр өткелдерi.

1. Енемнiң «ерлiктерi»
Мұқан ақсақал әйелiмен ел қатарлы өмiр сүрiп жатқан. Бұл кезең 20-ғасырдың алғашқы жылдары болатын. 1914 жылы тұңғышы Мұхлима қызы өмiрге келдi. 10 жылдан кейiн екiншi қызы Ұмсын жаңа өмiр есiгiн ашты. Жылдар жылжып өтiп жатты. Бүкiл қазақ халқының басына түскен ашаршылықтан да, халықтың қал-жағдайларының ауырлығына қарамастан, одан да аман шықты.
1937 жылы Мұхлима Төкен деген жiгiтке тұрмысқа шығып, келесi жылы өмiрге Жанар, екi жылдан кейiн Тойкүл келдi. Келесi жылы екiншi дүниежүзiлiк соғыс басталып, армия қатарына алынған алдыңғы топтың iшiнде Төкен де соғысқа аттанды. Екi жыл өткенде Төкеннiң соғыста қаза болғаны туралы «қара қағаз» келдi. «Жығылғанға жұдырық» болып, үш жылдан кейiн Мұхлиманың шешесi де қайтыс болады. Талай жасқа келген Мұқан ақсақал басына түскен қайғыдан арыла алмайтын қалге түстi. Осы күндерi әке-шешесiнiң қолында болған кiшi қызы Ұмсын апай мектеп бiтiрiп, мамандық алу үшiн оқуын жалғастыруға Оралға кеттi.
Кемпiрi қайтыс болғаннан кейiн ауруы асқынып, жиған-тергенiн жинап үлкен қызының қолына келдi. Қызы жұмыс iстемегендiктен, бар қазынасы 4-5 жылға ғана жеттi. Оның үстiне қызының тұрған үйi бiр бөлмелi тоқал там болатын. Есiгiн ашсаң далаға шығасың. Әкенiң жағдайына қарау жесiр келiншекке қиынға соқты.
Осы кезеңде кiшi қызы Ұмсын Ғаббас деген өте кiшiпейiл, бауырмал жiгiтке тұрмысқа шығып, екеуi де бiр совхозда жұмыс iстеп жағдайлары жақсара бастады. Ұмсын апамыз сол совхоз дүкенiнiң басшысы, әрi сатушысы болып, ағамыз кәсiподақ комитетiнiң төрағасына дейiн көтерiлдi.
Ол ауылдан облыс орталығына, Орал қаласына баратын машина Мұхлиманың үйiнiң қасынан, Барбастаудан өтедi. Сәлемдерiн айтып, беретiндерiн берiп көмектесiп тұрды. Осы жылдары 7-шi класты бiтiрген Мұхлиманың қызы Жанарды Ұмсын апайы Орал қаласына бухгалтерлер курсына апарып кiргiзедi. Сол курсты бiтiргеннен кейiн қаладағы кәсiпорындардың бiрiне жұмысқа кiрiп, Жанар өз күнiн өзi көрiп жатты. Ал, Мұхлима апай «үйге келгендерге кедергi болмас үшiн» кiшкентай бөлменiң бiр бұрышын бөлiп әкесiн сонда жатқызды.
Ол аздай, қарт адамға бiрiнен кейiн бiрi некесiз туылған ұл мен қыз да көп «пайдасын» тигiздi. Бiрақ, құдай өзi кешiрсiн, балаларға дұрыс қарамаудың кесiрiнен болар, олар 2, 3 жастарында бiрiнен кейiн бiрi шетiнеп кеттi.
Осы үйде бiрнеше жыл бiрге тұрып қайғы жұтқан Мұқан қарт келiп-кетiп жүрген жүргiзушiлерден сұрайтыны: «Менiң атымнан Ұмсын мен Ғаббасқа сәлем айтыңдар, менiң жағдайымнан түрме артық, ол жерде күнiне үш уақыт тамақ бередi ғой, менде ол да жоқ, менi алып кетсiншi» деп жылап қалады екен. Ақыры Ұмсын әкесiнiң сөзiн тыңдап, өздерiне алып кеттi. Мұқан қария қуаныштан бiр жылап алды да: «Мұхлимамен қарым-қатынастарыңды тоқтатыңдар, бiрге тұрған жылдарда ит құрлы қасиетiм болған жоқ, мен өлгенде оған хабар бермеңдер» деп көз жасын бiр iркiп тастаған. Кiшi қызы мен күйеубаласы осы тiлегiн орындады да. Мұхлима әкесiнiң қай жылы қайтқанын, қайда жерленгенiн де бiлмейдi.
Анасы Мұхлиманың азғындығын көрiп өскен қызы Тойкүлге арамзалық қалыпты жағдайдай көрiнсе керек. Бiз үйленген соң да енемнiң ақылы қызына талай жерге жараған тәрiздi.
…Осы кезеңде Тойкүл әйелi қайтыс болған Сәкеннiң көңiлдесi болды. Соның көмегiмен байланыс институтына жұмысқа кiрген. Бiрақ, институт жұмысынан хабарсыз болғандықтан, 2 жетiден кейiн оны оқыту орталығына орналастырады. Бiр күнi жұмыстан келсем, үйде Тойкүл де жоқ, балалар да жоқ. Жататын кезде жастығымды көтерсем астында алақандай қағаз жатыр. «Бiз үйден кеттiк, iздеме» деп жазып кетiптi. Сәкен Тойкүлге үйленгенде одан бақытты қатын болмас едi. Әйткенмен, Сәкен де ақымақ емес болар, үш ұлы бар қаңғыбас қатынға үйленетiн. Бiр айдан кейiн бардым: шешесiн Оралдан шақыртып алыпты, оқыту орталығының бiр класын бұларға берген, 5 темiр койка қойылған екен. Балалар сонау Фурманов көшесiнiң басынан автобустан-автобусқа ауыстырып өзiмiздiң үйдiң қасындағы мектепке келiп жүрдi.
Осы айлар Ұмсын апайдың Ғаббас ағамызды Алматыға дәрiгерге әкелген кезi болатын. Мына ақымақ қатынның iстеп жүргенiн көрген Ұмсын апай «балалардың обалына қаласың» деген екен. (қазiр алдын ала айтып қояйын: үш ұлдың бiреуi де мамандығы бойынша жұмыс iстемедi. Оларда отбасы деген жоқ, 3 келiннiң бiреуi де мына ақымақ 79-ға келген азғын қатынның қасында жоқ).
Әлi есiмде, 1975 жыл болар, бiрiншi пәтерде тұрамыз, демалыс күнi болатын, түскi тамақтан кейiн елдегi саяси жағдайлардан хабардар болайын деп газеттердi көтерiп келесi бөлмеге кiрдiм. Келесi, дүйсенбi күнi институт қызметкерлерiне саяси хабарлама беретiнмiн. Шешесi мен қызының сөздерi естiлiп тұр. Енем «ананың ақшасы жақсы ма?» деп сұрап алды да ары қарай ақылын айтты: «Бiреудiң дамбалы мен шұлығын жуғанша өзiңдi-өзiң күтпейсiң бе, Алматыда еркек аз ба?» дейдi. Жесiр қалған соң балаға да, әкеге де қамқор болудың орнына қызық қуған қатынның қызына айтқаны осы. Ол сорлы да бiр күн болса да жұмысқа шықпаған, бiр рубль болса да адалынан тауып көрмеген. «Ақша тапсын» деп қолындағы жалғыз қызы Тойкүлдi жыл сайын картоп бригадасына қосып жiберiп отырған ғой. Тойкүлдiң жауабын ести алмадым. Енемнiң осы сөзiнен кейiн «көрiп алған көрiктiден, көрмей алған тектi артық» деген қабырғалы сөз есiме түстi.
Шешесiнiң берген ақылы Тойкүлдiң санасына шегеленiп қалған сияқты. Тойкүл ұяда не көрсе соның бәрiн iстеп жатыр, шешесi сол үшiн де қуанышты. Осы аптаның iшiнде жұмыстан келсем енем: «кеше Болатбек деген жынды келген, мынау менiң балам деп екiншi ұлды сүйдi», – деп маған қарап күлiп тұр. Одан өзiм де күдiктенетiнмiн. Осы сөз сол күдiгiмнiң расталғанын көрсеткендей болды.
Ал, 1967-шi жылы Тойкүл госпитальдан шығарда Төлеу деген еркектiң көп әйелдерiнiң бiрi болып шыққанын бiлетiнмiн. Осы Төлеуден үшiншi ұлды тауып, олардың қарым-қатынастары ұзақ онжылдықтарға созылды.
2. Тойкүлдiң тарихы.
Үйленiп, үлкен ұл туғаннан кейiн мен сабағыма оралған болатынмын. Тойкүл шешемнiң, аға-жеңгемнiң қасында, ауылда қалған. Бiздiң сот арқылы ажырасқанымызды естiген жиен Жiгер (шешесi бiздiң рудың қызы едi) Тойкүлдiң не iстеп жүгенiн бiлген ауылдастарым «Жайықтың жәлебi» деп ат қойып алыпты. Осы ауылда 5-6 баласы бар бiр еркекпен байланысып алған. Тойкүлде ар-ұят, намыс дегеннен өмiрiнде хабары жоқ адам болып шықты. Көңiлдесiмен кездесiп, рахаттанып келiп, ұялмай үйдегiлермен бiрге дастарханға отырады екен ғой.
«Жоғарғы техникалық оқу орнына түстi дегенде шексiз қуанған едiк» дейдi жиенiм Жiгер, «ағасы-ау, Алматыдай үлкен қалада тұрып, мынадай түк көрмеген жетiм қызды қалай, қайдан тапқансың» дегенi жаныма батты. Қолымнан келгенi жеңгеме өкпеледiм: «сен осының бәрiн бiлiп жүрiп маған неге айтпағансың?!» демеймiн бе. «Сенiң әйелiңнiң кiм екенiн мен ғана емес, бүкiл ауыл бiледi, сонда мен айтсам, әлi еңбектемеген сәбидi жетiм қалдырайын деп пе едiң» дегенi бар.
Одан қала берсе, баланы алып ауруханаға жатып шығыпты. Ондағысы: көңiлдесi аурухана дәрiгерлерiмен келiсiп, Тойкүлге аборт жасатқан екен. Бұның бәрiн кейiн естiдiм ғой.
Қаскелеңде менiң туыстарым үш бөлмелi үйде тұрады, өздерiнiң 4 балалары бар, барлығы да мектеп оқушылары. Мәрия тәтем (жатқан жерiң жарық, жайлы болғай): «келiнге телеграмма бер, бiздiкiне келсiн өзiн жұмысқа орналастырам, 7 — айлық ұлыңды яслиге бер», – дегенi бар. Бiр аптаның iшiнде барлығы солай болды да. Бiрдеңенi сезгендей, Алматыға шақырттым әйелiмдi. Туыстарым: «Шығарып салайық» десе, «рақмет, өзiм кете беремiн» деген Тойкүл бiрден автобусқа отырмай, ауыл шетiндегi көңiлдесiнiң туысының үйiне барған. Онымен қоштаспай бұл сайқал қалай кетсiн, совхоз жұмысынан келгенше күнi бойы соны күткен. Ол да бiр пәтшағар екен, бiздiң ауылдан 80 шақырым жердегi темiржол стансасына апарып пойызға отырғызып жiберiптi. «Таңертең сағат 9-да екiншi Алматыда боламын» деген хабар алдым. Күтiп алдым. Сол жерден таксиге отырып Қаскелеңге тартып кеттiк. Бiр аптаның iшiнде ардақты тәтем айтқанының бәрiн iстедi. Туыстарыма апарғаннан кейiн Тойкүлге ескерттiм: «саған осындай адамгершiлiк жасаған кiсi болмаған, қанша ақша алсаң да мына тәтемнiң қолына ұстат» дедiм. Тойкүлдiң документтердi тығып ұстайтын әдетi бар едi. Тығып жүрген кiтапшасын қарасам, 400 рубль жиналған. Айтсам, менiң сөздерiм есiнде екен, «олардың екеуi де үлкен жұмыста, оларда ақша аз деп ойлайсың ба?» деп ақталғаны. Мұндай алаяқ әйелдi бiр қазақтың басына бермесiн. 57 жылдан берi бармағымды тiстеумен келемiн. 1977 жылы сотқа арыз берiп ажырасқаннан кейiн бұл сайқалдың арты ашылды.
3. Арсыздығы шектен шыққан едi
1975 жылы үлкен ұл 4-шi класқа барып, қыркүйек айының 10-ы болса керек, «История СССР» деген оқулық сатып алыпты. Жексенбi – демалыс күнi болатын. Дәлiзде iлулi тұрған әлемнiң саяси картасының алдында отырмыз. «Мына ең үлкен республика РСФСР, солға қарай Эстония, Латвия, Литва, Беларуссия…» деп тiзбектеп жатыр едiк, асүйде жүрген Тойкүл естiп қойып, айғай салғаны: «Ей, сен не айтып тұрсың, Беларуссия социалистическая страна!» дегенi. Ұлым маған, мен оған қараймын, үнсiзбiз. Ұлыма «шешең топас» деп айтуға ұялдым. Үнсiздiгiмiздi Тойкүл бұзды. «Бiздi пансионда Белоруссияға апарған, ал мен болсам Белоруссияға жiберетiн посылкалар мен бандерольдерге ақшаны по международному тарифу принимаю» дегенi. Күлесiң бе, жылайсың ба? Тойкүл 35 жаста, поштада iстеп жүргенiне 13 жыл болған.
Жалпы, бала көзiнше әйелiңмен сөйлессең, балаңнан ұяласың. Бiрге тұрған 15 жыл iшiнде не газет, не кiтап оқығанын көрген емеспiн, еститiнiм: қай бастығы әйелiнен ажырасыпты, кiмнiң әйелi өлiптi, қайсысы тоқал алыпты, неше балалары бар екен, кiм не iшiп, не жептi, т.с.с.
Осы уақыттарда бiздiң институт тұрғызып жатқан жаңа бес қабат үйдiң құрылыс жұмыстары бiтiп, маған үшiншi этаждан үш бөлмелi пәтер беру қарастырылып жатқан кез. 1975 жылдың күзiнде маған үш бөлмелi пәтер де берiлдi. Кiрпiштен тұрғызылған пәтердiң солтүстiк жағында балкон, оңтүстiгiнде лоджия, оның өзi бiр бөлме сияқты. Тойкүл бұрынғы әдетiн тоқтатпады. Әр сенбi сайын «менi почтамптқа шақырып жатыр» деп үйден тайып тұрады. Балалардың қасында менiң шешем бар, балаларға алаңдайтын Тойкүл жоқ, айнымаған өз шешесi. Бiр баладан сабағың қалай деп сұраған емес.
Жұмыста өзiмдi маман ретiнде де, коммунист ретiнде де жақсы жағынан көрсете бiлгенiмнiң арқасында көтерiлуiме әсерi тиiп жатты. Оның үстiне бастықтар тапсырғаннан кейiн 20 жыл бойы политинформатор және институт дружинасын басқарып, олармен бiрге көше бойында «айына бiр рет» тәртiп сақтауда жүретiнбiз, сағат 19-дан 23-ке дейiн. Менiң ойымда педагогикалық стаж жинау үшiн жылына 230 сағат институтта сабақ беру керек болатын.
Не керек, институтта сабақ бергенiм үшiн алатын ақша да, айлық ақым да, сыйақым да, сыйлықтар да, қысқасы маған тиесiлi ақшаны алған сайын Тойкүлдiң қолына әкелiп ұстататынмын, Тойкүл келесi аптада «ақша жоқ» деп отыратын. Қайда кететiнiн тықақтап сұрап қадағаламадым да.
Сол жылы 8-шi наурызда «негiзiнен әйелдер коллективi ғой» деп Тойкүлдi жұмысына барып құттықтағаным бар. Дастархан жаюлы, барлығы iшiп алған, музыка ойнап тұр, бiр орыс келiншегi менi биге шақырды. Жас жағынан ең үлкен әйел болар, оның үстiне ол өте толық әйел екен. Билеп жүрген екеудiң кейпiн көрсетiп, оның әңгiмесiн тыңдаумен болдым.
Әлгi әйелдiң әңгiмесi: Тойкүлдi әкетуге бiр еркек жиi келедi екен. Сол көп күтiп қалмасын деп асыққаны ма, бiр күнi поштаның сейфiнiң iшiнде екi кiтап сиятындай ғана кiшкене жәшiктiң кiлтi жабылмай қалыпты. Түстен кейiн жұмысқа келген көмекшiсi таң қалған: «сбербанк кiтапшасына ай сайын 150-ден 250-ге дейiн салып отырыпты, бар ақша 21700 рубль болған».
Мен өзiм де осылай ойлайтынмын, әкелiп берген қомақты ақшаңның бiр аптаның iшiнде қалай «жоғалып» кететiнiн бағамдап жүр едiм. Не iстейсiң әйелiң осындай сайқал-ұры болса. Айтып жинаса да, бұлай демес едiм-ау.
Қазақта «түк көрмеген» деген сөз бар ғой. Одан басқа айтар теңеуiм жоқ. Шаған совхозында 4 жыл оқып, 4 жыл картоп бригадасында жұмыс iстеген соң шешесiнен қашып кеткенiн Тойкүлдiң өзi айтып жылағанда қабырғаң қайысады. Тiптi осы әйелдiң «төрт жыл оқыдым» дегенiне де сену қиын. Санасында түк қалмаған. 1961 жылы 21 жастағы «кәрi қызға» пансион «аттестат берiп құтылайық» деген сияқты. Мен осындай қорытындыға келдiм. Себебi, бiрде бiр құрдасы бұны iздеген емес, олардың бiрiн Тойкүл де iздеген емес. Бұл әңгiменi ары соза берудiң қажетi жоқ болар.
4. Келiндермен де жауласты
Осыдан 20 жыл бұрын Тойкүл менi үйiне қонаққа шақырды. Жоғарыда айтып кеттiм ғой, 3 келiннен қазiр оның қасында бiреуi де жоқ деп. Екi жағдайды айтқым келiп отыр, бiреуi өзiм көзiммен көрген, екiншiсi өзiнiң аузынан естiгенiм. Тойкүл менi жақсы қарсы алды, кiшi ұл әйелiмен, 6 жасар немересiмен бiр пәтерде тұрады екен. Барлығы да қуанып жүр, әсiресе кiшкене Елдана немере. Тамақ жасап келiнi жүгiрiп жүр, мен немеренi аулада ойнатып келдiм. Үйге кiрдiк. Тамағы дайын екен, келiнiм бәрiн өзi әзiрлеп жүр. Тамаққа отырғанда Гүлнәр: «мама, молодые годы вы были дурой», – дегенi. «Не дейдi мынау!» – деп Тойкүлдiң бетi қызарып кеттi.
– Мама, когда ваши сыновья нас бьют, вы всегда говорите, что ваш отец мне не только руку поднимать, но даже плохих слов не говорил! От такого мужа кто уходит мама, только дура уходит, мама!
– Мына оңбағанның сөзiн қарашы, тура түйеден түскендей… – деп тұтығып қалды. Ыза кернеп тұрғаны көрiнiп-ақ тұр.
Келiнiм «3 күннен кейiн қызымды алып 10 күндiк жолдамамен Миялыға кетемiн» деген. Екi аптадан кейiн, енесiмен хабарласып, ұшақтың келетiн уақытын айтқан. Бiр iнiсiн қасына ертiп алып, екеуi келiн мен немеренi қарсы алған, Тойкүл келiнмен сөйлеспейдi. Оларды алып Абай мен Дзержинский көшелерiнiң қиылысындағы бiр бөлмелi пәтерге әкелiп кiргiзедi де, «ендi сендер бiзбен бiрге тұрмайсыңдар деп, кiлтiн қолына берiп кетiп қалады. Сөйтсем, ұлды «әйелiң мына қызды сенен тапқан жоқ» деп ажырасуға көндiрген екен. Сол кiшкене қыз қазiр университет бiтiрген, тұрмыста, 4 жасар ұлы бар.
Екiншi жағдай. Ұл да, келiн де алған ақшаларын Тойкүлге берiп тұрған. Екiншi ұлдың әйелi, «байымның әкелген ақшасын өзiм ұстаймын» деп енесiне жақпай қалады. Сол-ақ екен, Тойкүл келiннiң iзiн бағады, өзi жәлеп қой. Олар тұрған пәтердiң көршiлерiмен танысады, сыйлықтарын да қолына ұстатып, телефонын да берiп кеткен. Көп күттiрмей хабар да жеткен. Тойкүл де таксимен келiп жеткен. Маған айтқаны: «мына 22 жастағы оңбағанның сенiмен жасты адамы бар» дейдi. Осыны ұлға да айтқан. Ал, келiнге «машина саған тартқаным болсын, ал кiлттi тастап кет» деген ғой. Әлi күнге дейiн өкiнемiн, мен бармасам ана сөздер айтылмас па едi деп.

Әттең өмiр…
Ажырасқан соң тамаша пәтер екiге бөлiндi. Шешем екеумiзге бөлiнген пәтерге орналасып болғаннан кейiн, балаларды көрейiн деп бiр айдан кейiн әр сенбi сайын үш рет бардым. Қоңырауды басып көп күттiм, ешкiм ашпады.
Екi айдан кейiн осы қалада жұмыс iстеп жүрген қарындасымның қызы Гүлнәр барса, аулада кiшi ұл ойнап жүрiптi. Бас салып екеуi құшақтасып қауышыпты. Бiрақ, бала дереу құшағынан қашып шығып, тасалау жерге барып тығылыпты. «Сен менi сүйем деп менi кешкi ассыз қалдыра жаздадың ғой, терезеден әжем көрсе, маған кешкi тамақ жоқ едi», дептi. Сөйтсек, енесымағым балаларға қатты ескерткен екен: «егер Тұрсын мен оның туыстарына жақындассаңдар, тамақсыз қаласыңдар!» деп. Осыдан кейiн олардың неге есiктi ашпайтындарын да түсiндiм. 5 жылдан кейiн бе екен, үлкен ұлдың менi iздеп келгенi бар.
Қуанышымда шек жоқ, әңгiмелестiк, көп сұрақтарыма жауап алдым. Жарты сағаттан кейiн болар, баламды шығарып салмақ болып сыртқа шықтым. Далада екiншi ұл тұр, «Сен неге кiрмейсiң?» демеймiн бе. Ол: «я не пойду» деп тұр. Үйлерiне барған соң үлкен ұлды «10 минутқа ғана кiрiп шығам дегенсiң, жарты сағат бойы не айттыңдар?!» деп қыспаққа алмай ма, ақыры осымен арадағы қарым-қатынас үзiледi.
Менiң бiрiншi үйiмнiң қасында 4 бөлмелi пәтерде физика кафедрасының меңгерушiсi профессор Жәкен деген досым тұратын. Жәкеннiң әйелi Ботагөз 20 жылдан кейiн бiр аялдамада Тойкүлдi көрген екен. Амандасқан. Балалардың жағдайын сұраған. Сөйтсе Тойкүл жылап жiберген. «Тұрсын деген жас қызға үйленiп кеткен» дегендi зорға айтқан. «Үш ұлды тастап па?» деп бұрынғы көршiм ызаланған. Сол сәтте жылағанын естiп, басқа әйелдер де не болды деп жиналып қалады. Ботагөз жиналғандарға түсiндiрiп бередi. «Мына әйелдiң ұш ұлы бар едi, оңбаған күйеуi бұларды тастап жас қызбен бiрге кетiптi, әттең елдiң бiр ұлға қолы жетпей жүргенде, көшеде көрiп танысам бетiне түкiрер едiм», – деп тарапты. Басу айтып Тойкүлдiң жылауын тоқтатқан ғой. Осы жағдайды маған айтып берген Жәкеннiң қыздарының бiреуi, ең кiшiсi болар, бiр үлкен дүкен алдында кездесiп қалып, менi танып амандасты. Жоғарыдағы жаңалықты маған жеткiзген осы қыз. Менiмен кездескен соң ғана олар шындыққа көз жеткiзген.
Ал, Тойкүлдiң қазiргi халi мүшкiл. Үш ұлды қосақтарынан айырып бақытсыз еттi, қасында бiр келiн жоқ, тiптi басында баспана жоқ. 79 жасқа келген соң баяғы қызықты күндер де ендi келмеске кеттi. Осының бәрi ол үшiн көзiне жас алу емес, өкiрiп жылайтын қатпарлы қайғы екенiн ол ұға ма екен осы?!. Қолымен жасағанды басымен көтерген де дұрыс қой.

Қаралы күндер
Ал, мен қазiр мен өлi мен тiрiнiң ортасында жүрмiн. Қан қысымым көтерiлiп, ұйқы көрмеймiн. Оның да себебi жоқ емес.
Жалғыз ұлым өзiмен-өзi тұрып жатқан, күнiмен жұмыста. Үйiне барсаң, айтатыны – жалғыз қызы мен күйеу баласы. Олармен сөйлескен әңгiмелерiн айтып, суреттерiн көрсетiп мәз болатын. Екеуi де шетелде, жұмыста. Қазiр қызының үшiншi балаға аяғы ауыр. Ұлымның қуанышында шек жоқ. Балконы толған торғайлар, елу шақты. Сонда отырғанымда бiреу Москвадан телефон шалды, «Оңтүстiк Америкадан үш торғайды ұшақ арқылы берiп жiбердiм қарсы ал» дейдi. Оның орнына Орта Азиялық үш торғай салып жiберуi керек немесе ақшасын төлеуi керек екен.
Ұлым жұмысқа кеткеннен кейiн, пәтердi тазалайтын әйел келiп, екi бөлменi алып жатқан ұзын балконда жайылған газеттердi жинап алып, торғайлардың тамағын берiп, бәрiн тазалап кетедi екен. Осыдан екi күн бұрын келiп, пакетке жинап қойған газеттердi алып кеткен…
Мен барып кеткеннен кейiн үшiншi күнi қарындасым күйеуi екеуi кешкi сағат 10 болып қалғанда келiп тұр. «Аға, жиналыңыз, ұлыңыз ауруханаға түсiп қалыпты» дейдi. Бiрақ, ауруханаға емес, менi шешесiнiң үйiне апарды, ұлым қайтыс болып кеткен. Ұлдың денесiн әкелгеннен кейiн салқын болсын деп, бажамның тұңғыш ұлы екеумiз бөлменiң есiгiн жауып, балконды ашып түнiмен күзетiп шықтық. Әкесiнiң қайтыс болғанын естiген екiқабат қызы кiшi ағасынан: «соткаңды әкемнiң құлағына апаршы» деген ғой, «Өмiрiңдi бiр күнге де созуға көмегiм тимедi-ау, кешiр менi, әке» деп еңiрегенде бәрiмiз қосылып жыладық. Кешкiсiн жиналған адамдарға Тойкүл «осы ұл армия қатарында Фрунзе қаласында болғанда қазақтар жиналып украиндықтармен төбелесiптi, мiне, соның әсерi» деп әңгiме соғып отыр. Тойкүлдiң айтып отырғаны осыдан 35 жыл бұрын болған жағдай. Ұлым арақ, коньякты былай қойғанда, тiптi сыра да iшпейдi. Келесi күнi жерледiк, дәл осы күнi уақытынан ерте қызы босанып, омырауынан бiр тамшы сүт шықпай қалған ғой.
Кiшi ұлдың айтысына қарағанда, жедел жәрдем ауруханасында сағат 14 -те қайтыс болған.
Ұлдың 40-ын өткiзу қарсаңында, қызы босанғаннан кейiн, үлкен келiн Гүлшат та келiп үлгердi. Тойкүлден: «Мама, қанша адам келедi деп күтiп отырсыз?» – деп сұрайды. Ол «83» дептi. «Ендеше, 90 адамға дастарқан жайғызамын, балаларының атынан, өзiм төлеймiн», – деп кiрiсiп кеттi.
Жиналғандар арасынан тоқтау айтып, дұға-тiлектерiн айтқандар ортаға шығып жатты. Бiр уақытта келесi үстелдан қызыл көйлек киген бiр әйел (мен оны Балу деп атайын, ол мысықтың аты, «Әйел құпиясы»,12 бет, желтоқсан 2018 жыл): «мен Тойкүлдiң 67 жылдан берi подругасымын, сол заманда Тұрсын деген бiр қу Тойкүлдiң басын айналдырып алыпты», – деп әңгiме бастамасы бар ма? Мен ол әйелдi ешуақытта көрген емеспiн. Осы сайқалдың айтып тұрған сөзiн, айтқан уақытын қараңызшы:
Өткен жылы ажырасқанымызға 40 жыл болыпты. Бiрге жүргенiмiз бар, бiрге тұрғанымыз бар, барлығы 17 жыл ғана. Сонда 57 жыл. Ал мына қатынның айтып тұрғаны 67 жыл. Тойкүлдiң Алматыда болғанына 57 жыл болыпты. Олардың 10 жылы жетiмдердiң Шаған совхозында бiрге өскен жылдары болып тұр ғой. Оқырман қазақтар, арғы 10 жылы бұлардың бiр ауылда өскенiн көрсетiп тұрған жоқ па? Екеуi де Шаған совхозының жетiмдерi болып тұр ғой.
Өзi байсыз, баласыз болғаннан кейiн Тойкүлдi өз қатарына тартқан әрекетi ғой. Әйтпесе, Тойкүлдiң өзi үйлену тойымызға да, одан кейiнгi жиындарға да (үш ұл туды, жаңа екi пәтер алдық, т.т.) бiр құрбысын шақырған емес, тiптi ол жайлы маған айтқан да емес. Ендi бұл сайқалдың айтып тұрған сандырағын қарасаңызшы. Бұлар бiрге өскен қулар болып тұр. Қазақтың «қуды қу табады, шұқанақты су табады» дегенi қандай тамаша айтылған.
Тойкүлдiң «менi почтамтқа шақырып жатыр» деп үйден қашып шығудың бiр себебi: осының үйiне барады екен ғой. Бұл әйелдiң күйеуi жоқ, болған емес. Нағыз еркек Тойкүлдей сайқалға кiлтiн бермек түгiлi пәтерiне маңайлатпас едi. Бұл әйелдiң сөзiнен менiң түсiнгенiм осы болып тұр.
Сөз алғанның бiреуi шетелден келген екiншi ұл болды. «Бауырымның қайтыс болғаны жақсы болды ғой, я никогда не думал, что у нас столько родственников» дегенi бар. Жылайсың ба, күлесiң бе? Шындығында, туыстарым, үлкенi бар, кiшi келiндерi бар, 6-7 машинамен келген едi.
Жалғыз ұлымның жарық дүниеден өткенi 40-42 жыл бойы (он жасынан бастап) оның анадан көрген қорлығы. Менiмен араласқаны үшiн, ол үйде оны жақсы көрген жан болған емес, 45 жасында әңгiмелесiп отырғанда көзiне жас алып: «отец, я ведь твой!..» дегенi есiмде. Себебi, анасы мен iнiлерiне келiп жүргендердi көрiп өстi ғой. «Әке, бiздiң осындай быт-шыт болып жүргенiмiзге кiнәлi тек қана сенсiң» дегенi. Осы сөзден кейiн қатты қиналдым. «Сенiң қалай оқып, қандай маман болғаныңды да көрiп те, естiп те жүрмiз. Не әке, не шеше көрмеген, осы жетiм қыздан не таптың, оның саған қандай жар болғанын көрiп өстiк қой. Сен оқыған институтта, сен оқыған группаңда қазақ қыздары болмады ма?» деген сөзi жанымды ауыртты. Осы сайқалға үйленген қателiгiм үшiн 57 жылдан берi бармағымды тiстеумен келемiн.
8 айдан кейiн осы кiшi ұлдың ағасының қалай қайтыс болғаны туралы айтқандары күдiк тудыра бастады. «Жедел жәрдем» ауруханасына барып шығуды жөн санадым. Бас дәрiгерi болмай, оның 40-тар мөлшерiндегi көмекшiсi қарсы алды. Баланың аты-жөнiн жазып алып шығып кетiп едi, «жедел жәрдем» дәрiгерi толтырған қағаздарды алып тез-ақ оралды.
Кiшi ұл танертең ұялы телефонын көрiп, қаңтар айы, кеше кешкi сағат 11-ден 30-күнгi түнгi 3-ке дейiн ағасы телефон шалған ғой: «срочно приезжай» деп. Оны тыңдап жатқан iнiсi жоқ. Ең өкiнiштiсi, ол iнiсi не ағасын, не шешесiн тыңдамайды, бiр жарты арақ iшпей ұйықтамайды. Бiр жәшiк арағың оған тек қана 20 күнге ғана жетедi. Өкiнiштiсi: осындай iнiге қоңырау шалып, сонша уақытын босқа жiбермей, «жедел жәрдемге» телефон шалғанда көмек көрсетiлiп, өмiрi сақталған болар едi. Амал қанша. Тағдыр…
Келесi күнi iнiсi ұлымның үйiне келсе (бұл сағат таңертеңгi 10 мөлшерi болар), ешкiм есiктi ашпайды, «жедел жәрдем» шақырған, олар тез-ақ келген, үйге кiре алмайды. Шақырған ЧС келiп болгаркамен пәтер құлпысының тiлiн кесiп ашса, ұлымның мұрнынан қан аққан, еденге жығылған, жерде жатыр. Дәрiгер тексерiп қарап, жүрегiнiң соғып тұрғанын анықтайды, ол комада жатыр. Жедел жәрдем ауруханаға алып кетедi. Кiшi ұл осының бәрiн шешесiне хабарлаған. Ал, өзi есiктiң құлпын ауыстырумен, торғайларды зоодүкенге өткiзумен болады. Ол ендi өлдi деп санаған. Тойкүл ұлының пәтерiнiң жағдайына кiрiседi. Екi сөтке ауруханада жатқан ұлыма не шешесi, не iнiсi бiр де бiр рет бармаған ғой. Аумаған шешесi, екеуiне де кiсi өлiмi тышқанның өлiмiмен бiрдей. Он жылдан аса уақыт iшiнде Тойкүлдiң ауыстырмаған пәтерi жоқ екен, ал өзi шексiз қуанышта.
Тойкүлдей шешенi бiр қазақтың басына бермесiн, осындай сайқал қатынды. Бақайшағынан төбесiне дейiн ойлағаны тек қана қулық қой. Ұлым, өткен жылы қаңтардың 30-да сағат 12 де қайтыс болған. Дәрiгерлер бiреулер хабарласар деп үш сағат күткен ғой. Ешкiм бармаған. Ұялы телефонын алып көп телефон шалғандарға шықса ол ұлымның жұмыстағылары болып шығады. Олар кiшi ұлмен хабарласқан. Кiшi ұл жеңгесiне, ол сағат 14-те қайтыс болды деген ғой. Ақталғаны.
Заманында анау Сәкен дегенi мәз болып жүрген болар, Тойкүл 50-ге келгенде, оның еркектерiнiң саны да 50-ге жеткен болар. Оның өзiне қатты ұнаған болар, сол үшiн қыс күнiнде сонау, менiң Күләй нағашымның күйеуiн iздеп сонау Арқалыққа барар ма едi? Балудың саған тапқандары аз болып тұр ма едi? Аумаған шешесi. Қазақтың «құм жиналып тас болмайды, құл жиналып бас болмайды» дегенi қандай орынды айтылған. Осы екi құлдың арқасында дұрыс бiлiм алған бiр бала жоқ, сол бiлiмiмен жұмыс iстеп жүген бiреуi жоқ. Алтын балалардың болашақтары осындай.

Есiмдi шығарар естелiктер
1. Ұлым 5 жаста, мен 29 жастамын, үлкен бауырым 31-де. Менi ата деп айт деп ауылға барған сайын, бiзге келген сайын үйрететiн. Ауылға барғанда ұлым сұрайды, «басқа балалардың аталарының барлығында сақалдары бар, мұрттары бар, ал менiң атамда неге жоқ?» дейдi. «Атаң жас көрiну үшiн таңертең қырып тастайды», – деймiн.
2. Ауылдан келiп үйге кiргенiмiз сол едi, ұлым шығып кеткен, iздемеген жерiм жоқ, таппадым, орталық стадионды да айналып шықтым, таппадым. Бiр сағаттан кейiн келiп тұр, қолында үлкен коробкасы бар. Атам маған ақша берген, менiң шешемнiң қасында қалған iнiсiне машина сатып алыпты. Сол үшiн тролейбусқа отырып Ленин көшесiнiң бойындағы «Балдырған» дүкенiне кеткен ғой, жасы 5-те.
3. Көзiне жас алып, «отец, я ведь твой!» дегенi есiмнен кетпейдi. Мен жұмысқа кеткеннен кейiн үйге кiмдердiң келгенiн көрiп өскен бала ғой. Бәрiн түсiнедi, балалардың үлкенi болғаннан кейiн, сормаңдай сорлы болған балам осы.
4. Ұлым 45 жаста, «әке, бiздiң осылай быт-шыт болып жүргенiмiзге кiнәлi тек қана сенсiң. Өмiрiнде әке көрмеген, шеше көрмеген осы әйелiңнен не таптың? Сен оқыған группаңда қазақ қыздары болмады ма? Бiздер барлығымызда айналамызға күлкi болып жүрмiз», дегенi өлгенiмше есiмнен кетпес.
5. Иә, 60 жылға жақындап қалды, бәрiне өзiм кiнәлi екенiмдi түсiнемiн, осындай жәлепке үйленгенiм үшiн руластар, әсiресе туыстар, жақын жолдастар алдында осыдан 40 жыл бұрын кешiрiм сұрадым. Күнi бүгiнге дейiн ауылдастарым менiң жағдайымды аңызға айналдырып алған. Сол үшiн әлi күнге дейiн бармағымды тiстеймiн.
Облыс орталығы мен Алматығы оқуға баратын ұлдарға: «сенi өсiрдiк, жеткiздiк, бiр жайықтың жәлебiн жетектеп келушi болма!» ескертедi екен. Бұл үлкен ауылда аңызға айналып кеткен әңгiме болып тұр ғой.

Қорытынды
Тойкүлдiң шешесi Мұхлима бiр ұл, үш қыз тауып, көзiнiң тiрiсiнде үшеуiн жерледi. 69 жыл өмiр сүрiп, тiрi қалып тамақ iшу үшiн жүрген жерiне масыл болып өттi. Өмiрiнде 69 тиын тауып көрмеген кемпiр, бiзге дейiнгi 10 жылын 5 баласы бар үлкен қызын паналады. 49 жасында қайынбикем де көз жұмды.
Ендiгi кезек Тойкүлге келдi. Ол кемпiрдiң бiзге iстеген «жақсылықтарын» жоғарыда айттым ғой. Шешесiмен салыстырғанда Тойкүл «коммунизмде» болды: басында баспана, 180-200 теңге алиментi бар, «…Алматыда еркек азбасы» бар, өзiнiң 100 теңге айлығы бар. Бұған басқа не керек, тек қана шалқып өмiр сүр. Ол солай болды да.
Жоғарыда айтып кеттiм ғой, бұл адамда ар-ұят, намыс деген болған емес деп, егер олар болып жатса, менен таппаған екi ұл үшiн менi сотқа беруi керек. Бiрақ ол сорлы бере алмайды, өзiнiң кiм екенiн жақсы бiледi ғой.
Сәлеммен Тұрсын Ахметов.

Сізге де ұнауы мүмкін

Елеспен алысқан еркек
БАҚЫТТЫ КӘРI ҚЫЗ

Автор

Меню