Европадағы сұлулықтың жаңа елшiсi – Сьюзен Сарандон. Бұл актриса таныстыруды аса қажет етпейдi. Үш рет «Оскар» сыйлығын алған, көптеген сүйiктi фильмдердiң кейiпкерi, үш баланың анасы. Актриса: «Көбi маған 40 жастан кейiн камераға түсе алмайсың деп айтатын. Ал, қазiр, қараңызшы, мен әлi бетiмдi тартқызған емеспiн, ернiмдi де iсiрген жоқпын, бiрақ, камера алдындағы жұмысым тек алға жылжып келедi», – деп әңгiмесiн бастайды. Ол «қартаймайтын» әйелдердiң бiрi бола отырып, сұлулық пен әйел, бақыт пен жасару туралы ойларын ортаға салды.
Сьюзен Сарандон:
⦁ Қартаю туралы ұмытыңыз!
Елестетiп көрiңiзшi, маған бiреу «Биыл жетпiс жасқа толасың!» дейдi, мен: «Жетпiс? Мен жетпiс жасқа толамын ба?» деймiн. Сенбеймiн! Бұл жасқа дейiн, мен тек жақпамайларды ғана өзгертiп келдiм, басқа өзгерген ештеңе жоқ. 60 жасымда қолыма татуировка салдырдым, сонда сiз қандай қарттықты айтып тұрсыз?
⦁ Терiңiзге күтiм жасаңыз, бiрақ, тым қинап жiбермеңiз!
Көп әйелдер өзiнiң не жейтiнiн қадағаламайды. Ал, мен бетiме жағатын кремнен, шаш үлгiмнен бұрын тамағыма қараймын. Содан кейiн ғана терiмдi тазалап, әр күнi жақпамайлар жағуды ұмытпаймын. Бұл сiздi жалықтырып жiбере ме?! Ал, мен олай айтпас едiм. Әр әйел жақпамайларды таңдай бiлуi керек, оның өзi – жеке әлем. Мен бұл туралы 30 жастан кейiн ғана iздене бастадым. Десе де, осы жасымда өзiмдi бақытты санаймын, әрi генiмнiң «мықты» екенiне разымын.
⦁ Барлығын басынан бастауға болады!
Менiң ойлағаным iске аспай қалса, әр уақытта қайта бастауға күш табамын. Түсiнесiз бе, қандай жағдай болмасын, қайта бастай аламын. Бұл өзiңе деген қатынасты дұрыстайтын ең керемет амал. Өмiрде өзiмдi құрдымға тастап жiберген кездер болды, бiрақ, көрiп тұрсыз, мен әлi осындамын. Өзiмдi бақытты сезiнемiн! Әр күнi бақытты ана, әже, белсендi әйел болып оянамын. Мен «иә!» сөзiн көбiрек айтуға тырысамын, ол көптеген жаңа есiктердi ашып көруге мүмкiндiк бередi.
⦁ Өзiңiздi сақтаңыз!
Габриэль Гарсиа Маркеc «Любовь во время чумы» атты романында адамның жасы әлемдi тануға кедергi болмайды дейдi. Адамның болмысы өзгермейдi. Бiздiң жанымыз – мәңгiлiк, сондықтан болар, iшкi әлемiмiз жас, энергияға толы болып келедi. Оны дәл сол қалпында сақтау өте маңызды.
⦁ Балаларыңыздан күш алыңыз!
Барлығы менiң мұнша энергияны қайдан алатынымды бiлгiсi келедi. Бұл сұраққа үнемi «Мен анамын!» деп жауап беремiн. «Мен актрисамын» немесе «Мен елдiң алдында жүрмiн» деген сөздердi айта алмаймын. Себебi, ана болу – бұл өмiрдегi ең маңызды, ең қиын мiндет және қуатты энергияның көзi. Балаларым менi қуантуға, күлдiруге тырысады. Бұл әрбiр ананы өзiн бақытты, әдемi, жас сезiнуiне мүмкiндiк бередi деп ойлаймын.