Нәзiк жандылар арасында бойы 160 сантиметрден жоғары арулар қалыпты саналады. Ал, ұзындығы 159 сантиметрден төмендер аласа бойлы деп есептеледi. Стилистер дәл осындай қыз-келiншектерге сұңғақ көрiну үшн киiм таңдауда мынандай кеңес бередi:
⦁ Сөмке, шляпа, сәндiк бұйымдар таңдағанда тым үлкен, көлемдiсiне үйiр болмаңыз. Мұндай аксессуарларды пайдаланғанда одан әрi аласа, кiшi көрiнуiңiз мүмкiн.
⦁ Күртеше, жакет, кардиган таңдағанда белден сәл төмен түсетiн қысқалықты таңдау қажет. Сонда аяқтарыңыз ұзын көрiнедi.
⦁ Бастан-аяққа дейiн бiр түстi киiм кию де адам бойын ұзарта түсетiндей көрiнедi. Яғни, кофта, шалбар, аяқ киiмнiң бiр түстi болғаны аласа арулар үшiн тамаша үйлесiм болар едi.
⦁ Шалбар мен белдемше таңдағанда белi жоғары тұратын үлгiсiн сатып алсаңыз ұтылмайсыз. Қазiр кiндiк тұсына жететiн киiмдер көп кездеседi. Майка, кофтаның етегiн iшiне салып кисеңiз де, қателеспейсiз.